KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Қамқоршы адамға жеңілдіктер бар ма?

7.11.2012, 18:00 165


– Мен мүгедек адамның қамқоршысымын. Маған кіріс салығын төлетеді. Бұл заңды ма? Заңда бұл жеңілдікті тек ата-анасы пайдалана алады деп естідім, ал қамқоршылар ше?
С.Төлеубаева
Семей.
Бұл сауалға заңгер-кеңесші Гүлмира Кәкімбекова жауап береді:
– Иә, еліміздің «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 156-бабы 1-тармағында «Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлерi алып тасталады: ... «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына – оның ата-анасының бірінен «Неке және отбасы туралы» Заңның 62-бабы 2-тармағына сәйкес, «бала тәрбиелеушi ата-аналар өздерiнiң қабiлеттерi мен қаржылық мүмкiндiктерiнiң шегiнде, оның дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшiн негiзгi жауапкершiлiкте болады». Яғни, өзінің жеке қаражаты есебінен.
«Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынған-дарды өз есебiнен асырап-бағуға мiндеттi емес. Қам-қоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылық-
қа алынушының алатын жала-қысы, алиментi, зейнетақысы және басқа да әлеуметтiк төлемдерi есебiнен, сондай-ақ оған тиесiлi мүлiктер есебiнен жүзеге асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткiлiктi қаражат болмаған кезде, қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды» (ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 111-бабы, 3-тармағы).
Сіз қорғаншы болған-дықтан, осындай жеңілдіктерге ие боласыз.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив