KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскемендегі жаңа мешітте құран оқылып, ас берілді

22.10.2012, 18:00 156


Күллі мұсылман қауым қадір тұтқан ұлық мереке Құрбан айт қарсаңында һәм қасиетті жұма күні Өскемендегі жаңа мешітте құран оқылып, ас берілді. Бұл тағылыми шараны ұйымдастыруға Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Семей қалалық Достық үйі мұрындық болыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Осы мешіт жамағатқа есік ашқалы бері мұсылман бауырларымыздың басын қосып, ас беріп, құран бағыштау кеудеде жүрген бір арман еді. Соның сәті мінеки Рухани келісім күні аясында түсіп отыр. Мұнда Семейдегі қалалық Достық үйіне қарасты мәдени бірлестіктердің мұсылман өкілдері келіп отыр. Игілікті іс-шараны өткізудегі мақсат – көптеген ұлттың өкілдері ұйысып өмір сүріп жатқан өңірімізде ұлт-аралық, дінаралық келісімді бекіте түсу, Абай, Шәкерім, Мұхтар сынды
ұлылардың аруақтарына құран бағыштау, – дейді Семей қалалық Достық үйінің директоры Шолпан Балғозина.

Сондай-ақ бұл жиынға облыстық дін істері жөніндегі департаменттің директоры Манарбек Мұхамеджанов, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фрунзе Жақсылықов және өзге де азаматтар қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив