KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Оралхан Бөкей жайында фильм түсіріледі

20.10.2012, 18:00 136


Өскемендік кинорежиссер Анатолий Лаптев Оралхан Бөкейдің өмірінен сыр шертетін деректі фильм түсіруді қолға алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Фильмге жазушының өскен ортасы, балалық шағы, өмір жолы арқау болып отыр. Туған қарындасы Ғалия Бөкейқызының естелік әңгімелері арқылы жалғасатын фильм сюжет-теріне Оралхан Бөкей өмірінің маңызды тұстары кірмек.

Мектеп бітіре салысымен кон-серваторияның актерлік бөліміне оқуға түскен Оралханды алғашында анасы құптамаған екен. «Әртіс деген жынның оқуы, одан да ауылға келіп трактор айда» дейді анасы. Кейін Оралхан Бөкей ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне ауысады. Одан арғы өмір белестері, шығармашы-лық ізденістері режиссер қиялымен және шеберлігімен ұштаса отырып көрерменге жетпек.
Деректі фильмде қаламгердің шоқтығы биік шығармаларының дүниеге қалай келгені көрсетіледі. Ол «Атау кере» романын Алматыдан Шыңғыстайға арнайы келіп жазған екен. Фильмдегі негізгі деректер Ғалия Бөкейқызының аузымен айтылып, естелік тұрғысында берілмек.

– Ағама тамақ дайындаймын, күніне үш литр қымыз ішуін және жазу үстеліне отырып осы шығар-маны бітіруін қадағалаймын. Ол маған берілген тапсырма еді. Кешкілік ағамның ауылдағы жора-жолдас-тарының, туған-туысқандардың үйіне қонаққа барамыз. Осы шы-ғарма аяқталғанда екеуміз де қатты қуандық. Ағам жазғанын қолжазба күйінде оқытуды жақтыра қоймай-тын, сол жолы «міне, бітті, оқып шық» деп қолыма берді, – дейді жазушының қарындасы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив