KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Өскеменде қарыз қайтарылмай, жылу қосылмайды

9.10.2012, 18:00 308


Өскеменнің тұрғын үйлеріне жылу жіберу науқаны басталғалы тұр. Жылу жүйелерінің қадағалаушылары қазір дайын үйлерді қабылдау үстінде, бірақ тұрғындар мойындарындағы қарыздарын қайтара алмауда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Өскемен жылу жүйелері» ЖШС-інің техникалық директоры Александр Сурченконың айтуынша, дәл қазір облыс орталығындағы тұрғын үйлердің 80 пайызы жылу қабылдауға дайын. Тұрғындар болса, жылу құбырларын жөндеуге жұмсалатын қаржыны уақытында жинап бере алмай отыр. Өскеменде барлығы 22 тұрғын үй осы тізімге еніп тұр, әсіресе, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы №77 үйдің жылу беру маусымына деген дайындығы нашар.

– Жылу беру жұмыстарының жеделдігін тежеп тұрғандар да осылар, тұрғындар өз берешектерін уақытында қайтармай отыр. Соның салдарынан мұндай үйлерге жылу ең соңынан берілетін болады, – дейді қала әкімінің орынбасары Дмитрий Кавригин.

Ал «Өскемен жылу жүйелері» ЖШС болса, жылуды тек қарыздар толық өтелген соң ғана қосатынын айтып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Өскеменде барлығы 1600-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив