KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
448.56 478.03 4.79

Нұротандықтар депутаттыққа өз үміткерін ұсынды

22.09.2012, 18:00 141


Облыстық мәслихаттың депутаттығына №25 Бесқарағай сайлау округі бойынша «Нұр Отан» ХДП-дан кандидат болып Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков таңдалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұндай шешімді «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының кезектен тыс ХІІ конференциясының делегаттары бірауыздан қабылдады.

Депутаттыққа кандидатты құттықтай келе «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков Шәріпбек Әмірбеков саясаттану ғылымының докторы екенін атап өтіп, сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Шәріпбек Ағабайұлы өзінің сайлаушылары үшін де, партия үшін де көп шаруа тыңдыратынына сенім білдірді.

Конференцияның күн тәртібінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы облыстық партия филиалының міндеттері туралы мәселе де қаралды. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сәуле Самарханова баяндама жасады. Жарыссөзге партиялық бақылау комиссиясының жетекшісі Майраш Екібасова мен облыстағы өндірістік кәсіпорындары бастауыш партия ұйымдарының төрайымы Галина Сарро шығып, өз ойларын ортаға салды.

«Нұр Отан» ХДП ШҚОФ ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жанар Қабидуллақызы кандидатты облыстық мәслихат депутаттығына ұсыну бойынша партиялық праймериз өткізілгені туралы мәлімдеді.

Конференция делегаттары, сонымен бірге, «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ саяси кеңесінің және саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізді.

«Нұр Отан» ХДП ШҚОФ кезектен тыс ХІІ конференциясының қаулысында партияның аумақтық фи-лиалдарына еңбек адамдарын насихаттауға байланысты тапсырма берілетіні де көрсетілген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив