KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1,7 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Зырян қаласында неміс этномәдени орталығы жұмыс істейді

15.09.2012, 18:00 137


Туған халқымен жақынырақ болғылары келеді. Сондықтан Зырян қаласындағы Достық үйінің жанында В.Ивлеваның жетекшілігімен «Квелле» неміс этномәдени орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Достық үйінің директоры Галина Дедованың айтуынша, немістің халықтық және діни мерекелерін өткізуді ұйымдастыру кезінде бірлестік мүшелері түгел бас қосып, неміс тілінде өлеңдер оқып, әндер айтады, осылайша өз ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін үйренеді. Мәселен, қазірде неміс этномәдени бірлестігі №10 кәсіби лицей оқушыларынан неміс фольклорлық тобын құрып, өздерінің шығармашылықтары арқылы жас ұрпақты неміс халқының мәдениетімен таныстырып келеді.

Жалпы, қалада неміс тілін оқыту бірнеше жылдан бері қолға алынған. Аталған тілді тегін оқыту курсының тыңдаушыларына «Возрождение» неміс мәдени орталығы әдістемелік көмек көрсетеді. Курста оқыған сегіз ай ішінде тыңдаушылар ауызекі сөйлеуді меңгерсе, кейбіреуі жазғы маусымда тәжірибелі ұстаз, Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері З.Черепанованың жеделдетіп оқыту курстарына да қатысып жүр.

Тыңдаушылардың көбі Германияда тұратын туыстарымен еркін сөйлесу, ал кейбіреулері неміс халқының тілімен және мәдениетімен жақын танысу, Германияға саяхатқа бару үшін және неміс халқының ақын-жазушыларының шығармашылығын түпнұсқада оқу үшін тіл үйренуге келеді.
Жыл сайын тіл оқыту курстарын 30-ға тарта тыңдаушылар аяқтайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив