KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
439.43 473.31 4.82

Жастар Бұқтырма жағасын қоқыстан тазартты

27.08.2012, 18:00 152


Жуырда Бұқтырма су қоймасындағы «Простор» лагерінде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қолдауымен «Көңілді алабұға – 2012» КТК командаларының фестивалі болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Фестиваль аясында Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыр-тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоға-мына қарай 20 қадам» бағдарлама-лық мақаласын талқылауға арналған семинарлар, футбол, волейбол, үстел теннисі бойынша спорттық жарыс-тар, «Бұқтырма сұлтаны мен аруы» ән байқауы, сондай-ақ аталған партия-ның облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Таза жағалау» ак-циясы ұйымдастырылды.

Көңілді тапқырлар сайысына Өскемен мен Семейден келген командалар қатысты. Фестивальда «Икра» командасы жеңімпаз атанды.

Бұдан бөлек алау жанындағы әуенді кештер мен жалынды би думандары да өткізілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив