KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Монополист кәсіпорындар өз міндеттерін қашан орындайды?

24.08.2012, 18:00 172


Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов облыстағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне инспекторлық тексерулер жүргізу мақсатында біздің өңірге келді.

Алдымен Риддер қаласындағы «Л-ТВК» ЖШС мен қаладағы жылу электр орталығын-да, су шаруашылығы кәсіпорындарында болып, аталған нысандардағы инвестициялық міндеттемелер мен тариф жүйесінің қа-лыптасуын талдап, талқылаған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы одан соң Өскемен қаласына келіп, облыстағы монополист кәсіпорындар басшыларымен көшпелі мәжіліс өткізді.

Облыс Әкімінің орынбасары Айтқазы Шерубаевтың қатысуымен өткен жиында өңірдегі коммуналдық қызмет көрсетуші нысандардың жұмыстары жайында ба-яндаған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бо-йынша департаментінің директоры Қайрат Оразбаев өткен жылы көптеген табиғи монополиялар субъектілері жыл басында өз міндеттеріне алған инвестициялық бағдарламаларын орындамағанын атап айтты. Олардың ішінде «Өскемен Водоканал» МКК, «Семей теплокоммунэнерго» МКК, «Жаңа Согра» МКК, «Согра ЖЭО» ЖШС, «Семей Водоканал» МКК сияқты тарифті көтеруден тайынбай келе жатқан ірі кәсіпорындар да бар.
Инвестициялық міндеттемелерді орын-дамаудың салдарынан тозығы жеткен жылу, су құбырлары желілері жаңаланбаған күйінде қалып, жоспарланған экологиялық қауіпсіздік шаралары да уақытында жүзеге асырылмай жатыр. Пайдалану мерзімі әлдеқашан өткен ескі қондырғылар мен су желілері шығынға батырып, ысыраппен жұмыс істеуге әкеліп соғуда. Осыған орай Президент жыл басында өткен Үкімет отырысында монополист кәсіпорындардың тарифті қалыптастыру саясатына бақылауды күшейте отырып, олардың белгіленген нормадан тыс ысырапқорлыққа баруларына тосқауыл қою туралы тапсырма берген болатын.

Үкімет 1-шілдеге дейін табиғи монополиялардың негізгі субъектілеріне нормадан тыс ысыраптарды жою туралы міндет қойғанымен «Өскемен Водоканал», «Семей Водоканал» МКК бастаған бірнеше коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындар ысырапқорлықтарынан арыла алмағандықтарын көрсетіп отыр. Зыряндағы «Водоканал» МК-ның да су құбырлары әбден тозып кетуі салдарынан апатты жағдайлар жиі қайталанып, құбырлардағы су босқа ысырап болып, далаға аққан жағдайлар көп. Ал, шығынға жол беріп жатқан «Семей Водоканал» кәсіпорны су құбырлары желілерінде өткен жылы 317 рет апатты жағдай тіркелініпті.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов монополист кәсіпорындардың инвестициялық міндеттемелерді орындап жатқандығы, құрал-жабдықтарды жаңалап, жаңғыртып жатқандығы жөніндегі кезекті есептерінің нормадан тыс ысыраптан құтылуға септігі тимей, көмектеспей отырғандығын жеткізді. Жаңғыртылып, жаңаланып жатқанымен кәсіпорын қызметіндегі шығын мөлшері азаймаса, одан не пайда?

Облыстағы коммуналдық қызмет көрсету жүйелерін жаңғыртуда елімізде жүргізіліп жатқан терможаңғырту, «Ақ бұлақ» бағдарламаларына белсене қатысып, ескіні жаңалауға қол жеткізу қажеттігін баса айтқан агенттік басшысы кәсіпорындар арқылы көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, шығынды азайтуға, тарифтің шынайы түзілуіне есептеу құралдарын орнату үлкен мүмкіндік беретінін, алайда біздің облыста жылу, ыстық су, суық су есептегіш құралдарды орнату деңгейі мүлде төмен екендігін ескертті. Ыстық су есептегіш құралдарын халықтың 56 пайызы ғана пайдалануда. Жалпыүйлік жылу энергиясын есептегіш құралдарды көпқабатты тұрғын үйлердің 36 пайызы ғана орнатқан. Барлық монополист кәсіпорындардың ішінде есеп-тегіш құралдарын тек Серебрянка су шар-уашылығы кәсіпорны ғана өздеріне алған міндеттеріне сай тұрғындарға өздері орнатып беріпті. Оның өзі кәсіпорынның жеке бас мүддесін көздегенін аңғартқандай. Өйткені, Серебрянка қаласында суық судың тарифі республикада ең жоғары тұр.

Қысқасы, кәсіпорындар есептегіш құралдарын өздері орнатып беруге қауқарсыз болып отыр. Орнатқан күннің өзінде көп жағдайда тұрғындар одан бас тартып, ақысын кейін қайтарып беруге келісімшарт жасасуға үзілді-кесілді қарсы. Жиында есептегіш құралдарын күштеп орнатудың бір жолы ретінде жылыту маусымы басталар кезде жалпыүйлік есептегіш құралын орнатпаған тұрғын үйдің жылыту маусымына дайындығы туралы құжатын қабылдамай, кері қайтару шарасын енгізу қажеттігі де айтылды.

Көшпелі отырыста табиғи монополиялар субъектілері өкілдері агенттік төрағасына тариф, баға саясаты, жергілікті жердегі қызмет көрсету түрлеріндегі түйткілдерге байла-нысты өз ұсыныстарын жеткізді.

Табиғи монополияларды реттеу агент-тігінің төрағасы Мұрат Оспанов осы күні Зырян ауданының Октябрьский кентіндегі «Бұқтырма Инфрасервис» КМК-ның жылыту қазандығының жағдайымен танысып, Зыряндағы «Теплоцентраль», «Водоканал» кәсіпорындарында болып, аталған кәсіпорын басшыларымен, аудандық мәслихат депутаттарымен, ардагерлермен кездесіп, ауданның коммуналдық қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, қызмет көрсетушілердің, тұтынушылардың ұсыныстарын тыңдады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив