KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Семейде тамыз кеңесінде білім беру саласының өзекті мәселелері қаралады

19.08.2012, 18:00 162


Бүгін Семейдегі "Назарбаев зияткерлік мектебінде" облыстағы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Білім беру жүйесін модернизациялау" тақырыбында өтетін кеңеске аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты бақылау комитеті төрағасының орынбасары А.Ахметов, қалалар мен аудандардың әкімдері, педагогика саласының ардагерлері, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздар, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары мен оқытушылары қатысады.

Тамыз кеңесі барысында Семей қаласындағы оқу орындарын аралап, білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив