KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Өңірімізде бұршақ жаууы мүмкін

14.08.2012, 18:00 128


Республиканың шығыс бөлігінде фронтальдық бөліктердің өтуімен кейбір жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде жел 15-22 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында бұршақ түсуі ықтимал, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі.

Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде күн қатты ысиды.

Маңғыстау облысында қатты, кейбір жерлерде өте қатты ыстық болады деп күтілуде. Атырау облысында күн қатты ысиды.

Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив