KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Елші К.Фэйрфакс атом энергия институтына арнайы техника тапсырады

6.08.2012, 18:00 126


Ертең, яғни 8-тамызда Курчатов қаласында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс Ұлттық ядролық орталықтың атом энергия институтына радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдайтын автокөлік техникасын тапсырады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кеше Курчатов қаласында басталған "Ядролық сынақтар мен олардың салдарының мониторингі" атты 7-ші Халықаралық конференция 10-тамызға дейін жалғасады.

Ұлттық ядролық орталықтың атом энергия институтына радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдайтын автокөлік техникасын салтанатты тапсыру рәсімі АҚШ энергетика министрлігі ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық әкімшілігі, Нидерланды Корольдігі мен ҚР арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив