KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Білікті дәрігерлер шалғай ауыл тұрғындарының денсаулығын тексерді

5.08.2012, 18:00 172


Шығыс Қазақстанның білікті маман дәрігерлері бар кешенді медициналық бригада Абай ауданының Қасқабұлақ ауылында болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Заманауи медициналық құрылғылармен жарақтанған білікті мамандар ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізіп, шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындарының денсаулығын бақылады. Құрамында терапевт, хирург, стоматолог, УЗИ, окулист, эндокринолог, нарколог, маммолог, гинеколог мамандары бар жиыны 35 дәрігер 5 күннің ішінде Қасқабұлақ ауылының 350 тұрғынына қызмет көрсетті.

Ауыл әкімдігі маман дәрігерлердің жатын орнын, қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, дәрігерлер жұмысын өз дәрежесінде жүргізуге қолайлы жағдай жасады. Ауыл жұртшылығы мамандардың қарауынан өтуде белсенділік танытып, медициналық қызметтердің сапасына ризашылық білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив