KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Ольга Рыпакова алтыншы алтын медальді қоржынға салды

5.08.2012, 18:00 163


Жерлесіміз Ольга Рыпакова үш рет секіріп түсу сайысында олимпиада чемпионы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынын алтыншы алтын медальмен толықтырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

27 жастағы өскемендік спортшы ешкімге дес бермей 14,98 метр нәтиже көрсетті.

Бұл додада колумбиялық Катрин Ибаргуен 14,80 метрге секіріп күміс жүлде, ал украиндық Ольга Саладуха - 14,79 метрге секіріп, қола жүлдеге ие болды.

Мақтанышымыз Рыпакова иеленген алтын медальдың арқасында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте жетінші орынға көтерілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив