KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да экологиялық тепе-теңдік бұзылмайды

27.07.2012, 18:00 224


Ақтоғай кенішінің инфрақұрылымы бар байыту фабрикасының құрылысы мен Ақтоғай кен орнында тотыққан кенді өңдеу кезіндегі қоршаған ортаға алдын ала әсерін қарастыру бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Қоғамдық тыңдауды «Қазақмыс» корпорациясы және «Казгипроцветмет» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктері ұйымдастырды. Қоғамдық тыңдауға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Сүттібаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Төлеухан Бозтаев, бөлім бастықтары, мекеме, кәсіпорын басшылары және қала тұрғындары қатысты.

Ақтоғайда бүгінгі таңда сульфидті кенді байытып, мыс және молибден концентраттарын алу үшін байыту фабрикасы мен үймелік ерітінділеу, экстракция және электролиз тәсілдерімен катодты мыс алатын тотыққан мыс кенін өңдеу зауытын салу туралы шешім қабылдаған. «Қазақмыс-Ақтоғай» ЖШС ұсынған кен алу күнтізбесіне сәйкес тотыққан кенді өңдеу мерзімі тоғыз жылдан аспайды, сульфидті кен алу мерзімі алпыс жыл деп көзделуде. Алдағы уақыттарда инфрақұрылым нысандары бар ба-йыту фабрикасында 1673 адам, ал тотыққан кенді өңдеу зауытында 132 адам еңбек ететін болады.

Ақтоғай кенішінің өндірістік қызметі халықты жұмыс-пен қамту, бағасы құнды өтімді өнім – мыс және молибден концентраттарын, катодты мыс алу сияқты және осыған байланысты басқа да маңызды әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, қазіргі кездегі экологиялық тепе-теңдікті айтарлықтай бұзбайды деп есептелуде.

Тұрғындардың пікірін тыңдау мақсатында өткен жиында «Қазақмыс Проджектс Би Ви» компаниясы филиалының инженерлік жұмыстар тобының үйлестірушісі Т.Нұртаев Ақтоғай кен орнындағы алдағы шаруашылық қызметтері жайында түсінік берді.

Жалпы алғанда жобаланған нысандардың өндірістік және шаруашылық қызметтерінің ауданның қоршаған ортасына әсері қалыпты деп бағаланады. Экологиялық тепе-теңдікті айтарлықтай бұзбайды деп есептелуде.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив