KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 2,3 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Шығыс Қазақстан мектеп оқушылары биыл демалады және саяхаттайды

7.07.2012, 18:00 189


Биылғы оқу жылын ауданның бес мыңнан астам оқушысы аяқтады. Олардың дені жазғы демалыстарын Бұқтырма су қоймасы мен Қалба тауларының әсем жерлерінде орналасқан «Көкпекті-Балауса», «Балауса-2», «Тау самалы», «Жас толқын» сынды демалыс және сауықтыру лагерьлерінде өткізбек, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Жалпы биыл аудандық білім бөлімі төрт мыңдай оқушыны демалыспен қамтымақшы. Оның мыңға жуығы – аз қамтылған отбасылардың балалары. Сонымен қатар маусымнан тамызға дейін 35 мектепте ыстық тамақпен қамтитын мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылған. Оларда балаларға арналып әртүрлі ойындар өткізіліп, дебаттық клубтар және спорттық секциялар жұмыс істеуде.

Ауылдардан тыс жерлердегі сауықтыру лагерьлерінің құны жеті мың теңгені құраса, мектеп жанындағы лагерьлер тегін.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив