KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, Ю
443.85 474.3 4.8

Астана қаласының туған күні жақындап келеді

30.06.2012, 18:00 134


Еліміздегі ең елеулі де ауқымды мерекелердің бірі – Астана қаласының туған күні жақындап келеді. 6-шілдеде барлық қазақстандықтар тәуелсіз еліміздің бас шаһарының туған күнін жоғары дәрежедегі сән-салтанатымен, ел көлеміндегі ауқымды мәдени іс-шараларымен атап өтетін болады, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Астана күні 1998 жылы қалаға Елорда мәртебесі берілген сәттен бастап аталып өтіп келеді. 2008 жылға дейін бұл мереке жыл сайын 10-маусым күні қалалық деңгейде мерекеленіп келсе, сол жылы 1994 жылғы 6-шілдедегі Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға (Астанаға) көшіру жөніндегі қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының мереке-лері туралы» Заңға түзетулер енгізіліп, 6-шілдеде жаңа мемлекеттік мерекені бекіту қарастырылды. Содан бері Астана күні күллі қазақстандықтар асыға күтетін жалпыхалықтық мейрам дәрежесіне ие болды. Бұл күн республика бойынша демалыс күні болып саналады.

6-шілдесінде Алаш жұрты келбеті көз тартар, әлем сүйсінген астанамыздың 14-ші туған күнін атап өтеді. Осыған орай Елордамыз - Астана қаласынан бастап, еліміздің барлық аймақтарында мерекелік ауқымды іс-шаралар, кон-церттік бағдарламалар легі жоспарлануда. Айта кетейік, биыл Астана күні қарсаңында Елордада бір ғана өңір, яғни біздің облыс мәдени күндерін өткізді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив