Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, СЗ
444.85 477.19 5.42

Семейдегі екі ірі жоғары оқу орны ғылыми-педагогикалық кадрларды бірлесіп даярлайтын болды

12.06.2012, 18:00 144 0


Кеше Семей мемлекеттік медицина университетінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы мен Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Рақыпбеков Төлебай Қосиябекұлы екі ірі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды бірлесіп даярлау жөнінде әріптестік туралы келісімшартқа қол қойды.

Бекітілген келісім шартқа сәйкес Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті АҚШ-тың Радиологиялық технология университетімен екідипломды білім алу бағдарламасын әзірлеп, меморандумға қол қойған болатын.

Осы құжатқа байланысты «Медициналық физика және/немесе наномедицина» мамандықтары бойынша даярлайтын жоғары оқу орны аралық кафедра құруға жан-жақты қатынасады, атап айтқанда:

- жоғары білімнен кейінгі білім беру кадрларын бірлесе отырып даярлау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;

- тараптар ортақ қызығушылық тудыратын білім беру және ғылыми мәселелер төңірегінде шешім табу үшін академиялық білімдері және тәжірибелерімен бөліседі;

- тараптар білім беру және ғылыми мақсаттарда қызметкерлерімен академиялық ауысуға мүмкіндік жасайды: дәрістер, кездесулер және басқа шаралар, сондай-ақ ғылыми зерттеулер;

- тараптар білім мен ғылымның қолжетімді саласында магистранттар, PhD докторанттар мен оқытушылардың алмасуын қолдайды;

- білім беру және ғылым саласында қолданылатын мерзімді басылымдар, оқу және ғылыми әдебиеттермен алмасуды жүзеге асырады;

- тараптар жоғары білімнен кейінгі білім берудің ғылыми-педагогикалық кадрларын бірлесіп даярлауға өздерінде бар ММУ-дың Оқу-клиникалық орталығы, радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы (зертхана) және т.б. сияқты білім беру және ғылыми базаларын ұсынады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




144
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив