KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

«Атамұра» өнер ұжымы 20 қайырымдылық концертін қоймақшы

10.06.2012, 18:00 156



Облыстық ақсақалдар кеңесі былтыр ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Атамұра» фольклорлық ансамблін құрған-ды. Аталған ансамбль сол жылы 20 концерт қойса, үстіміздегі жылы да 20 концерт беруді жоспарлап отыр.

Олар қайырымдылық концерттерін бастап та кетті. Өнер ұжымы атап айтсақ, №45 қазақ орта мектебінде, қала маңындағы ауылдарда, Өскемендегі жалпы үлгідегі мүгедектер мен қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде, әскери бөлімдерде концерт қоя бастаған. Шын көңілмен қойылған іс-шаралар жастарға, ауыл тұрғындарына, сарбаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз. Жуырда Ұлан ауданының Алмасай, Сағыр ауылдарында, Шемонайха ауданы Выдриха кентіндегі «Уба» шипажайында қайырымдылық концерттер қойылды.

«Атамұра» өнер ұжымы әлеуметтік әлсіз тұрғындарды қолдауда дұрыс бағыт таңдағандарына сенімді. Бұл ұжымның мүшелері ел ішінде Елбасы саясатын насихаттап келеді. 70 жасты арқаласа да «атамұрашылар» салауатты өмір салтын ұстанып, еңбек етіп, еліне қызмет жасап, жастарға лайықты үлгі-өнеге көрсетуде.
«Атамұра» ансамблі биыл Мұхтар Әуезовтың 115 жылдығына, Мемлекеттік рәміздердің, Қарулы Күштердің 20 жылдығына белсенді қатысты. Өнер ұжымы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Атамұра» ансамблінің үйлестірушісі Ерболат Сәдуақасовтың айтуынша, олардың биылғы ең басты мақсаты ардагерлер арасында өтетін қалалық көркемөнерпаздар сайысынан сүрінбей өтіп, қазан айындағы облыстық сайысқа қатысуға жолдама жеңіп алу.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив