KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Тендерді ұтқан компаниялардың 46-сы Шығыстан

4.06.2012, 18:00 188



1-шілдеден бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алу электронды аукцион бойынша жүзеге асырылатын болады.

Мұндай жаңаша іс жүргізуі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелеріне байланысты толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңында қарастырылған.

Бұл өзгерістер Шығыс Қазақстан облы-сындағы мемлекеттік сатып алуға қалай әсер етеді, сондай-ақ, конкурстық үдерістер кезінде атқарушы рөлді кім атқаратындығы жөнінде «Дидар» газетінің оқырмандарына облыстық қаржы басқармасының бастығы Серікқазы Оразалиев айтып береді.

– Біздің облыстағы мемлекеттік сатып алу үдерісі 2007 жылдың 21-шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы аясында ұйымдастырылған.

– Тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.

Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыс-тарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастыруы қажет. Тек мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген мәліметтері веб-порталға енгізілмейді.

Қазақстан Республикасының «Мемле-кеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабына сәйкес сатып алу заң талаптары қолданылмай жүргізілсе, мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу, ұйымдастырылған электронды сауда-саттық, аукцион немесе тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.

Егер мемлекеттік сатып алуды конкурс негізінде өткізген кезде тараптар бағалы ұсыныс енгізбеу немесе конкурсқа қатысушының талаптарға жауап бермеуі салдарынан сатып алу жүзеге асырылмаған болып танылса, мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бір көзден алу тәртібі негізінде жасалады. Тапсырыс беруші тауар, жұмыс, қызметті сатып алу туралы шешімді заңның 32-бабында белгіленген талаппен қабылдайды.

Жоғарыда аталған тәсілдің бірі бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алудан соң тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушімен – тауарды, жұмысты, қызметті мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша жеңімпазымен мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалады.

– Сіздің ойыңызша Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу үдерісі қаншалықты ашық түрде өтеді?

– 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап www.goszakup.gov.kz веб-порталы кіріктірілді, ол республика бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай электрондық базасы болып табылады. Оны енгізудегі басты мақсат – әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға тең мүмкіндік туғызу, әділ бәсекелестік орнату, жариялылық және ашық үдерістерге бастау бо

Сондай-ақ, 2012 жылдың 1-шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының «Мем- лекеттік сатып алу туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес конкурстарды электрондық мемлекеттік сатып алу негізінде өткізу қарастырылып отыр.

– Мемлекеттік сатып алуға кімдер қатыса алады?

– Мемлекеттік сатып алуға кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерден өзге, егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін бұл белгіленбесе), мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдіруші заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) қатыса алады. Кәсіпкерлік кызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға аталған заңның 41-бабының 3-тармақшасы, 5) пункті негізінде әлеуетті жеткізуші (Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болмайтын жеке тұлғаның меншік құқығына жататын тұрғын жай) бола алады.

– Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік сатып алуларға нақты кімдер қатысады?

– Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алуларына Қазақстан Республикасы-ның барлық аймақтарындағы әлеуетті жет-кізушілер қатыса алады. Себебі, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаларда олардың барлығына бірдей мүмкіндіктер туғызылған. Мемлекеттік сатып алуға қатысатын фирмалар саны туралы бұл мәліметтер жайында ақпа-раттарымыз жоқ болуына байланысты айта алмаймыз.

– Үш жыл ішінде облыста тендер өткізуге қанша көлемде бюджет қаржысы бөлінді?

– Шығыс Қазақстан облысы бойынша мем-лекеттік сатып алуларға конкурс өткізуге төмен-дегідей қаражат бөлінді:

2010 жылы – 20 136 113 мың теңге,
2011 жылы –25 828 893 мың теңге,
2012 жылы –34 477 198 мың теңге.

– Қазіргі күні барлық тендерлер өткізіліп бітті ме? Егер өткізіліп бітпеген болса, қандай себептерге байланысты?

– Мемлекеттік сатып алулар конкурсы тәсі-лімен мемлекеттік сатып алулардың бекітілген жылдық жоспарына сай жүргізіледі. Қазіргі күні осы мерзімге жоспарланған конкурстардың бәрі өткізілді. Ағымдағы жылдың сәуір айында мәслихат сессиясында бөлінген бюджет қаржысы бойынша конкурстық рәсімдеулер жүргізіліп жатыр.

– Биыл және өткен жылы тендер өткізу кездерінде заң бұзушылықтар болды ма? Болса, қандай?

– Қаржы басқармасының функционалдық міндетіне заң бұзушылықтарды анықтау міндеті жатпайды.

– Соңғы үш жылда Шығыс Қазақстан облысы бойынша әр басқармаға жеке-жеке – құрылыс басқармасына, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қанша қаражат бөлінді?

– Конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алулар өткізуге соңғы үш жылда келесідегі көлемдегідей қаржы бөлінді:
Шығыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы бойынша: 2010 жылы – 3 463, 9 миллион теңге; 2011 жылы – 5 480,1 миллион теңге; 2012 жылы – 5 137, 5 миллион теңге.

Шығыс Қазақстан облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша: 2010 жылы – 1 888, 1 миллион теңге; 2011 жылы – 6 307, 4 миллион теңге; 2012 жылы – 2 324, 6 миллион теңге.

– Бұл басқармалардың мемлекеттік сатып алуларына кімдер қатысты? Қандай фирмалар? Қай аймақтардан?

– «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік сатып алуларға қатысушылардың санына шектеу қойылмаған. Заңға сәйкес әлеуетті жеткізушілердің бәріне бірдей мүмкіндік туғызылады. Сондықтан конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық аймақтарындағы әлеуетті жеткізушілер қатысады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есебі бойынша, құрылыс басқармасы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының 2010–2012 жылдардағы бюджеттік бағдарламалары мемлекеттік сатып алуларының жеңімпаздары болып келесі фирмалар анықталды:
Шығыс Қазақстан облысы: «Байыс Шығыс ЛТД» ЖШС, «СемКаз» ЖШС, «Элхон» ЖШС, «Нагель» ЖШС, «Стройэффект» ЖШС, «ВостокСтройКапитал» ЖШС, «Өскемен Құрылыс» ЖШС, «Дороги Востока» ЖШС, «СК–Зайсан» ЖШС, «Семей жол- дары» ЖШС, «Семей профстрой» ЖШС, «Жаңа–жол» жобалау фирмасы»ЖШС, «Каздорпроект» ЖШС, «ДСУ-14» ЖШС, «Гордорстрой» ЖШС, «Дерикар» ЖШС, «Д&Д» ЖШС, «Фирма Азия» ЖШС, «Алау» ЖШС, «Тасымал көлігі» ЖШС, «Беки» ЖШС, «ИртышГЭСстрой» ЖШС, «Күршім-құрылыс» ЖШС, «ТМ-Тепломир» ЖШС, «Доsstтрой» ЖШС, «Құрылыс»» ЖШС, «Горсвет ЛТД» ЖШС, «Лифтек» ЖШС, «Кумаров и компания» ЖШС, «Назар» ЖШС, «Профиль ХХІ» ЖШС, «ЮКО» ЖШС, «Джеса Семей» ЖШС, «Адал прадо» ЖШС, «Каздорпроект» ЖШС, «Восток автодор» АҚ, «Мостостроительная компания» ЖШС, «Строительная компания «Зайсан» ЖШС, «Земстрой» ЖШС, «Жол-Консалтинг» ЖШС, «ДРСУ-9» ЖШС, «Энергостройсервис» ЖШС, «ИртышГражданСтрой» ЖШС, «Дидар Құрылысы» ЖШС, «Центр энергоэкспертиз» ЖШС, «СпецПромКомплект» ЖШС, «ГЭН» ЖШС. Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлығы – 46 компания.
Астана қаласы: «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС.
Алматы облысы: «777 и К» ЖШС, «Дарстрой» ЖШС.
Алматы қаласы: «МД Құрылыс» ЖШС.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив