KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Жармада «Жас турист - 2012» жарысы өтті

4.06.2012, 18:00 88


Жарма аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жазғы демалыс күндері басталысымен «Жас турист - 2012» жарысы болып өтті.


Алты бағыт бойынша өткізілген сайысқа 15 мектеп қатысты. Команда құрамында 5 оқушы түрлі жарыстарға қатысып, арнайы жасалған жолдардағы кедергілер арқылы уақытқа жүгіріп өтті.

«Жас турист – 2012» жарысында ерекше көзге түскен Ақжал орта мектебі І орынды иеленсе, Жалғызтөбе орта мектебі ІІ орын, Әлімбетов орта мектебі ІІІ орын алды.

Тау баурайында, қалың тоғайлы әсем табиғат аясында ұйымдастырылған жарыс аудан оқушылары мен мұғалімдері үшін үлкен демалыс болды. Қатысушылар бір күндерін әсем табиғат аясында көңілді өткізіп қайтты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив