KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Зейнетке шығу жасы көтеріле ме?

29.05.2012, 18:00 208


Зейнетке шығу жасын көтеру туралы кім таратқаны, қайдан шыққаны белгісіз қауесеттің халық арасында біраз пікір туғызып, талайлардың мазасын кетіргені де анық. Ол әңгіменің одан әрі өрбитіні не тоқтайтыны әзірге белгісіз. Егер ол жалғасса қай бағытқа қарай бұрылмақ?

Даудың басы қайдан шықты?


Қоғамдық пікірдің алғашқы толқынынан соң іле-шала халықты «тыныштандыратындай» хабар тарады. Оған сенсек, әлбетте, бұл мәселені әйелдердің өздері көтеріпті-міс. Өйткені, олар еркектермен бірдей 63 жасқа дейін жұмыс істегісі келеді екен. Бұл мәселе заң шығарушы органдарда немесе басқа да «жоғары» орындарда сөз болмапты. Осының өзіне рақмет айтуға болады. Себебі, зейнеткерлікке шығу жасын өзгерту туралы кез келген әңгіме кімге болсын әсер ететіні сөзсіз.

Сондықтан да осы шетін мәселені артынан өкініп жүрмес үшін «жеті рет пішіп, бір рет кеспесе» болмайтындай. Осы арада біздің облыста зейнет жасына байланысты өткен сансыз жиын-жиналыстардың бірінде оны төмендету, яғни, еркектерге 60, әйелдерге 55 жасты белгілеу туралы да ұсыныстар айтылды. Әсіресе, ядролық жарылыстардан зардап шеккен аймақтар тұрғындары үшін.

Таңдау өзіңде

Парламент депутаттарының бірі берген түсінік бойынша, адамның зейнет жасына жетуі оны жұмыстан тез арада босату керек дегенді білдірмейді. Үйренген жерінде жұмыс істей беруді немесе демалысқа кетуді адамның өзі шешуі тиіс. Теория тұрғысынан алғанда солай екені рас. Алайда өмірдің қатал шындығы бұл таңдауды тұрмыс-тіршіліктің таусылмас қам-қарекетімен бетпе-бет әкелетіні сөзсіз. Оны айналып өту әркімнің әр уақытта қолынан келе бермейді.

Осы тақырыпқа арналған пікірталастар кезінде талайлар шетелдік тәжірибені алға тартуға әуес. Зейнет жасын ұлғайтуды жақтайтындар да, оған қарсылар да дамыған Батыс елдеріндегі адамның өмір сүру жасы ға-на емес, соған сәйкес зейнетке шығу жасы да ұлғайып келе жатқанын еске алады.
Шетелдерде қалай?

Мәселеге жақындай түссек, дамыған Батыс елдерінде зейнетке шығу жасының өсуіне бірқатар заңдылықтар әсер ететінін көруге болады. Мәселен, Ресейдің бір зерттеу орталығы Еуропада күнкөріс деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың 21 пайызы көмек алатынын келтіреді. Аса үлкен мөлшердегі әлеуметтік төлемдердің арқасында оның қатары төрт пайызға дейін төмендетіледі екен. Ал АҚШ-та әрбір алтыншы адам кедейлік күн кешеді. Яғни, ол халықтың 16 - 17 пайызын құрайды.

Еуропада жұмыссыздық көбейе түсуде. Ресейдің ең соңғы деректеріне қарағанда биыл жыл басында Англияда ол соңғы он жеті жыл-дағы ең жоғары деңгейге жетіпті. Ал бірқатар Еуропа елдерінде 21,5 пайызды құрайды. Дағдарыс алды аталатын кездегі мұндай жағдай халықтың әлеуметтік қорғауды қажет ететін тобына арналған әлеуметтік төлемдерге аса көп мөлшерде қаржыны қажет етеді.

Мұндай жағдайда сол елдерде адам белгілі бір жасқа жеткен соң зауыттағы станоктың жанынан немесе шенеуніктің орынтағынан мемлекеттің мойнана мініп алмауы, сөйтіп, мемлекеттік зейнетақы қорының нанына ор-тақтаспауы, (оларда бірнеше зейнетақы қорлары жұмыс істейді), керісінше, оның жұмыс істеп, өз нанын өзі тауып жеуі, қосымша әлеуметтік қажеттілікке арналған сақтандыру жарнасын төлеуі маңызды.

Ақсақалдар – алтын қорымыз

Өз еліміздегі жағдайға қайта оралсақ, жасы ұлғайған адамдардың өздерінің үйреншікті жұмыстарында неғұрлым ұзақ істей берулері пайдалы екені сөзсіз. Сөйтіп өз күштерімен өзін ғана емес, отбасын да қамтамасыз етіп отырса дұрыс қой. Оның үстіне өз ұжымы мүшелеріне кәсіптік біліктілігін көрсетіп, тәжірибесін үйретіп отырса несі айып. Батыс елдерінде «ақсақал-дар – біздің алтын қорымыз» деген мағынадағы мақал тегін айтылмаса керек.

Сонымен бірге, біздің қоғамда жасы келген адамдардың жұмыс орындарын босатпай, жастарға орын бермей отырғанына деген наразылық та жоқ емес.

Осы орайда елімізді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі жобалардың арқасында мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылатынын қуана құптауымыз керек. Адамдарды жаңа мамандықтарға оқыту мен қайта даярлау да әлеуметтік шиеле-ністерді шешуге көмектесетіні сөзсіз.

Шындығында, жұмыс орнының барлығына жеткілікті болғаны жақсы-ақ. Ол үшін біздің ойымызша, дәстүрлі болып кеткен «халықтық» салалар, оның ішінде жеңіл және қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс барынша толық жұмыс істеуі тиіс.

Ойланатын тұстар көп

Мақаламыздың зейнетке шығу жасы жө-ніндегі басты тақырыбына қайта оралсақ, ол қазіргі кезде біздің қоғам үшін аса өткір мәселе болып отыр. Біз сонау тоқсаныншы жылдардың басында, күш-қуаттары нағыз кемеліне келген кезде үйреншікті жұмыстарынан айырылып қалған түрлі мамандықтағы сан мыңдаған адамдар туралы бір минут та ұмытпауымыз керек. Олардың көбі бүгінде базарларда ұсақ-түйек сатып, қоғамдық немесе уақытша жұмыстарды істеп, нандарын әзер тауып, күндерін көруде. Олар зейнет жасына жетуге қалған күндерін саусақтарын бүгіп санап жүр. Зейнетақы олар үшін аз болса да, әйтеуір мемлекет көмегі ретінде үйлеріне кіретін кірістің көзі. Бұл қа-тарға еріксізден жарты жалақыға болсын жұмыс істеуге мәжбүр болып отырған басқа да бірқатар салалардың қызметкерлерін қосуға болады. Мәселен, ауыл шаруашылығы, балық, орман шаруашылықтары, мәдениет, әлеуметтік жұмыстар деген сияқты.

Өтпелі кезеңде аса ауыр жағдайда қалған осы категориядағы адамдарға зейнетке шығу жасын бір жылға көтерудің өзі артын болжап болмайтын ауыр қиындықтарға ұшыратуы мүмкін ауыртпалық, тағы бір соққы болып тие-тіні сөзсіз. Қазіргі уақытта халықты зейнетақы-мен қамтамасыз етудің кейбір тұстарын қайта қарау қажеттігі туралы әңгімелер болып жатыр. Әрине, оның себептері бар. Егер өзгеріс болатын болса, ол жоғарыда аталған азаматтар категориясының жағдайын одан әрі ауырлат-пай, керісінше оны жеңілдетуге және мәселені оң шешуге бағытталуы тиіс.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив