KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Боксшыларымыз халықаралық турнирден олжалы оралды

21.05.2012, 18:00 194


Шымкентте бокстан КСРО-ға еңбек сіңір-ген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Турнирге Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Шығыс Азияның Маньяма елінен, Қазақстан-ның барлық облысынан 100-ден астам боксшы қатысты.
Халықаралық турнирде біздің облыстың спортшылары жақсы өнер көрсетті. Мәселен, Қанағат Маралов 69 келі салмақта бірінші орын үшін өзбекстандық Собиржан Турсуновпен жұдырықтасып, оны айқын басымдылықпен тізе бүктірді. 75 келі салмақта Тимур Ганза соңғы сынақта шымкенттік Абзал Құттыбековты жеңіп, бірінші орынды иеленді.

60 келі салмақ дәрежесінде семейлік Жақ-сылық Ілиясов ақтық сында түркістандық Олжас Ержановпен шаршы алаңға шықты. Бұл бәсеке-де Олжас айласын асырды. Ал Әсет Қасымов 64 келі салмақта шешуші сәтте шымкенттік Сәбит Тілепбергеновпен айқасқа түсті. Аса тартысты өткен сайыста Әсет екінші орынды місе тұтты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив