KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Жас шахматшылар мен тоғызқұмалақ ойыншылары сайысқа түсті

21.05.2012, 18:00 216


Абай аудандық спорт мектебінде Кәкім Құмарұлының атындағы шахмат-тоғызқұмалақ үйірмесі ашылған болатын. Жуықта аудан орталығы Қарауылда жас шахматшылар мен тоғызқұмалақшылар арасында оқушылардың аудандық жарысы өз мәресіне жетті.

5-ші рет өткізілген жарысқа 62 шахматшы мен тоғызқұмалақшы қатысты. Аудандық М. Әуезов атындағы кітапханада өткен интеллектуалдар сайысы шахматшылар мен тоғызқұмалақшылар болып жеке-жеке қыздар мен ұлдар арасында бөлініп, кіші және үлкен топқа өзара мықтыларын анықтады.

Жекелей сында топ жарғандар Назымқызы Нұрайым, Дулатұлы Ерасыл, Кенжебеков Темірлан, Уәлибекова Ділда (тоғызқұмалақ түрінен), Кәкімова Жұлдызай, Қуанов Арна, Дүйсетаева Жібек, Санақбек Елжас сынды жас өреңдердің болашағынан зор үміт күтуге болады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив