KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Жаңа тәсіл бойынша мұғалім сабақ уақытының 10 пайызында ғана сөйлеуі керек

20.05.2012, 18:00 190


Өскемен қаласында ашылған педагогикалық шеберлік орталығы құрылғалы бері нәтижелі жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Орталық қызметі қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу жағдайында педагогтің үздіксіз кәсіби даму идеясына негізделген. Оның негізгі міндеттері - Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жинақтаған тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге тарату және ұстаздардың біліктілігін арттыру.

Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен Педагогикалық шеберлік орталығының стратегиялық әріптесі ретінде тығыз байланыста.

- Жаңа тәсіл бойынша мұғалім сабақ уақытында 10 пайыз ғана сөйлеуі керек. Қалған уақытта ол оқушыны тақырыпты талқылауға тартып, ойын жеткізуге дағдыландыруы тиіс. Әр оқушыға әріптес деп қарап, оның тұлғалық қасиетін ашуды мұғалімдер осы жерден үйренеді, - дейді Педагогикалық шеберлік орталығы Өскемендегі филиалының директоры Байкенова Бағдат Ахметқалиқызы.

Жаңа тәсіл бойынша мұғалім сабақ уақытының 10 пайызында ғана сөйлеуі керекОрталық маманы Айнаш Маликованың сөзіне қарағанда, бірінші кезеңде өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған 85 мұғалім орталықта бір ай оқып, біліктілігін арттырған, ал екінші айында қашықтықтан оқыған. Енді 28-мамыр - 28-маусым аралығында курстың үшінші айын оқуға жиналады. Соңында арнайы мамандар алдында емтихан тапсырып, сынақтан мүдірмей өткен ұстаздар тиісті сертификат алады. Ал бұл сертификат өз кезегінде оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар жалақысының 30 пайызға өсуіне мүмкіндік береді.

Тренерлік курстар туралы қосымша ақпарат Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz сайтында орналасқан.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив