KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

19.05.2012, 18:00 292


Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде ТЖ министрі В.К. Божконың төрағалығымен «Мемлекеттік орталық органдарының, облыстар, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері жөніндегі комиссиялары жұмысының тиімділігі туралы» тақырыпқа Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚР ТЖМ-ның Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйене отырып.

Отырысқа мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың өкілдері, төтенше жағдайлар комиссияларының төрағалары – облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ҚР ТЖМ құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің және аумақтық органдарының басшылары қатысты.

Ел аумағындағы тасқын қаупі бар учаскелеріндегі жыл сайынғы маусымдық тасқындарды ескере отырып, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулыларымен және шешімдерімен облыстық тасқынға қарсы штабтар және тасқынға қарсы комиссиялар тасқынға жол бермеу бойынша алдын ала шаралар, гидротехникалық құрылыстардың, су қоймаларының және су объектілеріндегі инженерлік қорғау құрылыстарының техникалық жай-күйіне комиссиялық тексеруді өткізеді.

Жергілікті атқарушы органдар комиссиялары ТЖМ-мен бірлесіп төтенше жағдайларды болдырмау шаралары және іс-қимыл қағидалары туралы халықты ақпараттандыруға, түсіндіру жұмыстарға ерекше көңіл бөлгендері атап көрсетілді. Бұндай жұмыстар халықпен тікелей байланыста (жиналыстар, лекциялар, әңгімелесулер), көрнекі–үгіт-насихат материалдарды (жаднамалар, плакаттар, стендтер) пайдалана отырып, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралы арқылы өтеді.

Білім деңгейін арттыру мақсатында ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғаудың республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-да жыл сайын басқару органдары мен күштерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі, азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-қимылдарға дайындау жүргізіледі, онда министрліктер, агенттіктер басшыларының орынбасарларын және облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларын оқытады.

Отырыс қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар мен оқиғаларды, адам шығыны мен материалдық залалды барынша азайту мақсатында тиісті орталық және жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив