KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
449.58 486.94 4.86

Шаруасын дөңгелентіп отырған кәсіпкер жерлестерінен көмегін аямайды

17.05.2012, 18:00 114


Аягөзге ғана емес, аймаққа танымал кәсіпкер, «Нұржар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрланбек Тоқтабаевты білмейтіндер кемде-кем болар. Аягөз өңірінде кәсіпкер Нұрланбек Төлегенұлының есімі көпке белгілі.

Ол ауылға, отбасының жағдайлары төмен жандарға, жалғызбасты аналарға қашанда көмек қолын созып, халқынан қамқорлығын аяған емес. Көп жылдан бері аудан тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етіп келе жатқан кәсіпкер бүгінде өз қатарының алдыңғы сапында жүр.

Жұрт Нұрланбекке үнемі ризашылықтарын білдіріп жатады. Ол шынында да алдына көмек сұрап келген жандарға барынша қол ұшын беруге дайын тұратын азамат.

Нұрланбек қашанда көпшілікке көмек көрсетуге дайын тұрады. Осы жылдың өзінде ғана өзі депутат болып сайланған Қарағаш ауылдық округінің тұрғындарына көрсеткен көмектері де атап айтуға тұрарлық. Атымтайдай жомарт азаматтардың бірі Нұрекең осы ауылда тұратын жалғызбасты бір топ аналарға, дәлірек айтқанда Ж.Нұрғалиеваға, Ғ.Байқазақоваға, У.Каленоваға, Г.Танкеноваға, Ж.Жанпейісоваға, К.Дуриноваға, Б.Раеваға, Г.Бекбаеваға, Э.Көбелековаға, Р.Аубакироваға көмек көрсетіп, әрқайсысына тегін көмір түсіріп берді. Нұрланбек Тоқтабаев еңбек ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, қарияларды, аяулы аналарды мерекелерде құттықтауды да ойынан шығарған емес.

Нұрекең енді Қаражал елді мекеніндегі бұлақтың көзін ашып, тазалап беруді, халқына жақсылық жасауды да ойластырып жүрген көрінеді. Қолында техникасы мен қаражаты бар, оның үстіне уәдеден шыға білетін азамат бұл істі де тындыратындығына сенімдіміз. Азамат-тың бұдан басқа да қайырымдылық істері аз емес.

Қаладағы мүгедектер қоғамында 500-ге тарта жан бар. Денсаулықтарының төмендігіне қарамастан олардың жаңалықтарға жандары құштар. Олардың көпшілігі бір уақыт болса да қоғамның кеңсесіне келіп, теледидар көріп, газет-журналдар оқып, бірімен-бірі әңгімелесіп отырғанды ұнатады. Олардың отыратын орындарының жылы болуына назар аударған Нұрланбек Төлегенұлы биыл да көмірмен қамтамасыз етті.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив