KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Қарағай үйдің ішінде де өседі екен

16.05.2012, 18:00 141


Семейдің белсенділері өңірдің мақтанышы саналатын, бірақ жойылудың алдында тұрған қарағайлы орманды қалыпқа келтірудің жаңа тәсілін тапты. Жасыл желекке жаны ашыған жұрт енді көшеттерді бөлме жағдайында өсіруді бастады.

- Бір күні үйіме танысым келіп, мына бақша дақылының үйде өскені қызық екен деді. Мен ол бақша дақылы емес, қарағай деп жауап бергенімде таң қалды, дейді Семей қаласының тұрғыны Тамара Гляденцева.

Әзірге бүкіл Семейде 30 адам арнайы дәріс алып, төрт қабырғаның ортасында қарағай өсіруді үйреніпті, дейді КТК арнасы. Бір жыл бойы баспаналарында баптаған қарағай кезінде өртенген орманды алқапқа отырғызылады. 90-шы жылдардың соңында орын алған алапат өрт әлі күнге көптің жадында. Қазірдің өзінде де ағаштарды заңсыз отап, пайда тапқандар да орны толмас зиян келтіруде. Егер 300 мыңнан астам халқы бар Семейдің әрбір тұрғыны бір тал көшет ексе, орманның баз қалпын қысқа мерзім ішінде қайта жаңғырту бек мүмкін.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив