KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

Аспанда алғаш самғаған алаштың ұланы еді

15.05.2012, 18:00 190


Американдық ағайынды Райттар ең алғаш ұшақ құрастырғаннан кейін 30 жыл өтпей-ақ 1933 жылы алаш баласының ішінде тұңғыш әскери ұшқыш атанған Күршім өңірі Шеңгелді ауылының тумасы Жақыпбек Малдыбаевтың туғанына 105 жыл толып отыр. Ес біліп, еңбекке араласқаннан бастап қайнаған күрестің ортасында болған Жақыпбек өжет, санасы сергек болып өсуінің арқасында таңдаулы әскерилер қатарына алынып, түрікмен даласында басмашыларға қарсы шайқастарда бірнеше мәрте көзсіз ерлік көрсеткені, кейін Испаниядағы азамат соғысынан елге оралып келе жатқанында Ташкент маңында, небәрі 31 жасында қазаға ұшырағаны тарихтан белгілі.

Ұшқыштың тікелей ұрпақтарынан мәлімет болмаса да, аға-бауырларынан тараған үрім-бұтақтары батыр аталарын еш ұмытқан емес. Кеше,15 - мамырда атаулы күнге орай Өскемен қаласының Аблакетка ықшам ауданындағы Жақыпбек Малдыбаев атындағы көшеге қойылған ескерткіш-құлпытастың алдында салтанатты жиын өтті.

Жиынға оның ұрпақтары, Аблакетка кентінің тұрғындары, №13 және №14 мектептің оқушылары, облыс пен қала әкімдігінің өкілдері қатысып, ескерткіш-құлпытасқа гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Аспанда алғаш самғаған алаштың ұланы едіҰшқыштың немере інісі Болатбек Малдыбаев бұл құлпытастың орнына болашақта аталарының мүсінін орнатып, маңайын абаттандыру жоспарда бар екенін айтып қалды.

Жиында сөз сөйлеген мәртебелі меймандар мен ұшқыштың ұрпақтары оның жарқ ете қалып, ерте сөнген өнегелі өмірінің анықтауды қажет ететін тұстарының әлі де аз емес екендігін және ол болашақтың еншісіне қалып отырған шаруа екенін айтып өтті. Ж.Малдыбаевтың есімі тарих пәнінің оқулықтарына енгізілуі керектігі жөнінде де ойлар айтылды.

Тек батыр рухына тағзым етіп қана қоймай, елін сүюдің шынайы үлгісін көрсету арқылы жас буынды патриоттыққа тәрбиелеуді мақсат еткен шара өз дегеніне жеткендей болды.

Жиыннан соң ұшқыштың аруағына бағышталып қатым түсіріліп, ас берілді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив