KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Еркебұлан кітап оқудан алдына жан салмады

15.05.2012, 18:00 151


Өскемендегі қазақ-түрік ер балалар лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздарының ұйымдастыруымен кітап оқу акциясы өтті.

Оқушылар Абай Құнанбаевтың қара сөздері, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар», «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер», Қабдеш Жұмәділовтің «Дарабоз», Кәдірбек Сегізбаевтың «Аюдың өті», Мұхтар Шахановтың «Жас қазақтар жинағы», Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітаптарынан үзінділер оқып жарысты.

Екі кезеңнен тұратын сайыста барлық сыныптарға бірдей Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан үзінді оқытылды. Бірінші орынды 9-сынып оқушысы Еркебұлан Бауыржанұлы иеленіп, «Galaxy Tab» сыйлығын жеңіп алды. Басқа да оқырмандар бағалы сыйлықтармен, арнайы грамоталармен марапатталды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив