KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

«Колос» сауда орталығындағы баға «Даниэль» супермаркетіндегіден де жоғары

13.05.2012, 18:00 171


Облыстық ардагерлер кеңесіндегі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жөніндегі комиссияның мүшелері айына екі рет дүкен сөрелеріндегі бақылауға алынған әлеуметтік маңызы бар 33 түрлі азық-түлік тауары бағаларын салыстырмалы түрде тексеріп отырады.

Комиссия мүшелері журналистермен бірге бірнеше топқа бөлініп, мониторинг жүргізу жұмыстарын одан әрі жалғастырды. Бұл жолы Тияс Түсіповтің жетекшілігімен «Колос» супермаркетіне келдік.

«Колоста» екі әлеуметтік бөлім жұмыс істеп тұр. Мұндағы азық-түлік тауарларының бағаларына назар аудардық. Мәселен, «Заречное» күнбағыс майы – 242, бір бөлке нан – 43, қарақұмықтың бір келісі – 138, сондай-ақ, күріш – 149, қант 176 теңгеден сатылуда.

Көкөніс бөлімінің аға сатушысы Марина Ионованың айтуынша, бағаның тұрақтылығы толайым саудадағы азық-түлік өнімдерінің нарқына байланысты көрінеді. Егер ондағы сатып алу бағасы қымбат не арзан болса, алынған тауар да соған сәйкес бағаланады. 10 пайыз үстемені өздері қосады. Сатылатын өнімдер сөрелерде тұрып қалғанда ғана соларды тезірек өткізу үшін бағаны 5–10 пайызға түсіріп отырады. Нан бағасы өзгерген жоқ. Ал сүт өнімдерінің бағасы құбылып тұрады.

– Қаладағы тауарларының бағасы жағы-нан ең қымбаты осы – «Колос» сауда орталығы. Қалталы адамдар ғана келіп сауда жасай алады. Мұндағы баға «Даниэль» супермаркетіндегіден де жоғары, – дейді Тияс Түсіпов.

Одан соң «Чайка» дүкеніне келдік. Облыс Әкімінің шешімімен өткен күзде әлеуметтік маңызды тауарлар мен азық-түліктің баға-сын тұрақтандыруға байланысты арнайы қор құрылған болатын. Көкөніс түрлерінің баға-сын маусымаралық кезеңде тұрақты ұстау үшін өнім өндірушілерден арзан бағамен сатып алып, тиісті қоймаларға жинақтап сақтады. Сақтауға қойылған өнімдер қалада көкөніс бағасы өсіп кеткен ақпан айынан бастап сау-даға шығарылды. Осы іс аталған азық-түлік түрлері бағасын төмендетуге өз септігін тигізді.

Облыстық тұрақтандыру қоры бойынша қызылшаның бір келісі – 60, сәбіз – 50, картоп – 45-55, пияз – 55, қырыққабат 55 тең-геден сатуға шығарылыпты.

– Мұндағы тауарлардың бағасы «Колос» пен «Даниэль» және басқа да сауда орындарына қарағанда біршама төмен, – деді бізді осы сауда орталығына бастап келген облыс-тық ардагерлер кеңесі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жөніндегі комиссия хатшысы Нұр-ғабыл Хайруллин.

Бір келі қант – 175, «Ақмаржан» күрі-ші – 150, бірінші сұрыпты ұн – 50, жоғары сұрыптысы – 60, әртүрлі кеспе өнімдері 65–100 теңгеден тұтынушыға ұсынылып жатыр.

Сондай-ақ, сүт өнімдерінің бағасында да басқа дүкендермен салыстырғанда айырмашылық бар. Сатушы Татьяна Фатеева «Восток-Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктес-тігінің төрт пайыздық майлылықтағы бір литр сүті – 195, 2,5 пайыздығы – 165, айран – 180, кілегейдің 400 грамы – 285, жұмыртқаның он данасы – 190, қияр 340 теңгеден саудаланып жатқанын айтып берді. Сондай-ақ, «Ташкент» қызанағы – 420, жүзім – 750, Согра қияры
500 теңгеден тұтынушыларға ұсынылуда.

Кешке таман өздеріне бекітілген сауда орындарын аралап шыққан комиссия мүшелері бағалар туралы мәліметтер тізімін хатшыға әкеліп тапсырды.
– Орталық базарда соңғы бір жарым-екі айда біздің бақылауымыздағы тауарлардың бағасы өзгерген жоқ. Мұндағы кейбір азық-түлік өнімдері «Даниэльден» әлдеқайда төмен. Ал «Жәрдемдікінен» жоғары. Базар жекеменшік иелігінде, біз соның қарама-ғында істейміз. Басшылардың рұқсатынсыз журналистерді ішке кіргізе алмаймыз, – деді базар қызметшілері. Одан соң базардың тікелей іс басындағы өкілдері келді, суретке түсіруге болмайтынын ескертті.

Аталған комиссияның төрағасы Базарбек Омаров «Достық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базарында болып қайтқаны жайында айтып берді. Сауда орындары сатушыларға жалға берілген. Олар тауарларды «Дина» толайым сауда базарынан әкеледі. «Дина» мен «Достықтың» арақашықтығы басқа сауда орындарына қарағанда алшақтау болғандықтан тауар таситын көлікке жұмсалатын шығынды ақтау керек. Сондықтан да мұндағы тауарлардың бағасы басқаларына қарағанда жоғары болып отыр.

Ал осы базарда әлеуметтік екі бөлім бар. Біреуінде тауық еті, шұжық, екіншісінде түрлі кеспелер, ұн, шай және басқа да та-уарлар сатылады. Бұл базарда жұмыртқа арзан, оны Қарағандыдан алғызады екен. Әлеуметтік бөлімге халықтың өкпесі жоқ. Далада саудаланатын тауарларға он бес па-йыздан үстеме қосады, ал одан асырмауды әкімшілік қызметкері қадағалап отыр. Жалпы «Достықта» сатылымдағы тауар бағасы басқа базарларға қарағанда қымбат, 200 теңгеге дейін үстеме қосып сатады. Ал жергілікті тұрғындар қажетті тауарларын сол жерден сатып алып жатыр. Сыртта гүл, тоқыған бұйымдарын сатып, сауда жасап отырған зейнеткерлерге орын тегін беріліп келеді. «Достық» базарына келген журналистер кідіріссіз сауда орындарын аралап көрді.
Семей қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері де төрт сауда орнында болып, осындай мониторинг жүргізіпті. Мәселен, бір келі «Ақмаржан» күріші «Орталық» базарда – 155, ал «Мереке» базарында – 180, тауық еті «Орталықта» – 550, «Мерекеде» –470, екінші категориялы жұмыртқаның он данасы «Орталықта» – 200, «Нива» дүкенінде – 220-230 теңгеден сатылып жатқан кө-рінеді. Қырыққабат – 30-40, пияз – 35-60, қызылша – 30-60, сәбіз – 25-50, картоп – 45-60, қант 180-190 теңге аралығында сатылуда.

Облыстық ардагерлер кеңесінің мүше-лері алдағы уақытта біздің аймақтағы қалалар мен аудан орталықтарының ірі сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар тауарларға осындай мониторинг жүргізуді қолға алмақшы.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив