KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Семейде «Уылдырық-2012» жедел алдын алу шарасы өткізілуде

13.05.2012, 18:00 99


Ағымдағы жылдың 16-сәуірі мен 30-мамыры аралығында Семей қаласы аумағындағы су қоймаларында және ерекше күзетілетін табиғи аумақтарда балықтардың уылдырық шашу мерзіміне сай «Уылдырық-2012» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

Семей қалалық ішкі істер басқар-масы табиғат қорғау және ветеринар-лық полиция бөлімі «Балық қорларын қорғау және балық аулау ережелерін бұзуға» байланысты, ҚР Әкімшілік құ-қық бұзушылық туралы кодексінің 298-1 бабына сәйкес төрт заң бұзушылық фактісін тіркеп, заң бұзушыларға 14562 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бір әкімшілік іс хаттамасы Семей қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Атап айтар болсақ, Ертіс өзенінің «Грязнуха» аталатын су жайылымында қолдан жасалған ашамен балық аулап жүрген 1966 жылы туылған М. деген азамат ұсталып, Семей қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Ертіс өзенінде балықтардың уылды-рық шашу мерзімі 10-маусымға дейін созылады, сондықтан балық қорғау іс-шаралары жалғасын табады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив