KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

"Достық керуені" береке-бірліктің үлгісін көрсетті

6.05.2012, 18:00 211


Шығыс Қазақстан облысының тың бастамасы – «Достықтың жол картасы» аясында достық автокеруені жалғасын табуда, деп хабарлайды Altaynews.kz т

Өңірдің этномәдени орталықтары жетекшілері ұсынған мега-акция Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Өскемен қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысының толық қолдауына ие болған-ды.

«Достық керуені» 24-сәуірде облыстағы тоғыз Достық үйінің ішіндегі Курчатов қаласындағы ең жас Достық үйінен басталды. Құрамында би, музыкалық, вокалдық ұжымдары бар Шығыс Қазақстан облысы-ның этномәдени бірлестіктері 3-мамырда олардың іс-тәжірибелерімен алмасуға және символикалық эстафетаны тапсыруға Павлодар қаласына аттанды. Бұл акция шеңберінде «Достық керуені» еліміздің басты қалаларымен жүріп өтіп, Астана қаласында, оның туған күнінде республикадағы барлық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен мәреге жететін болады. Айта кетерлігі, аталған бас-тама өңір басшысы Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ тікелей бастамасымен жүзеге асырылуда.

Достықты ту еткен көңілді аурамен көм-керілген автокеруеннің Павлодар қаласына дейінгі жолы он сағатқа жуық уақытты қамтыды. Павлодар шекарасында облыс делегациясын нан-тұздарымен, шашуларымен қонақжай павлодарлықтар қарсы алды.
– Шығыс Қазақстан облысы делегациясы-ның бізге келуі – шын мәнінде тарихи мәні зор оқиға болып отыр. Өте құптарлық бастама, –
дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы Павло-дар облыстық хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Жетпісбаев. – Бұл – егемен Қазақстанның 20 жыл ішіндегі дамуына үлес қосқан қажетті институт екендігін атап өткеніміз орынды. Қаншама ұлт пен ұлыстың өкілдері елімізде бірлікте, татулықта, өзара келісімде тірлік кешіп жатыр. Біз бұл тұрғыда көптеген елдерге үлгі бола аламыз «Достықтың жол картасын» жете түсінген адамдар Қазақстан халқы Ассамблеясының қаншалықты жоғары маңызға ие екендігін және Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Ассамблеяны құрудағы кемеңгерлік идеясын терең сезіне алады әрі әркім өз этносының құндылықтарын көрсете алатын болады.

Нан-тұздарымен, шашуларын шығыс-қазақстандықтармен бөліскен Павлодар облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бұл мега-акцияның елімізге пайдалы болатынына үлкен үміт артатындықтарын жеткізді.

– Біз сіздерден көп нәрсені үйреніп, өз үлесімізді де қосатын боламыз. Себебі, әр облыстың өзіндік ерекшеліктері болады. Бұдан соң эстафетаны Қарағанды облысына тапсыратынымызға қуаныштымыз. Олар бізді асыға күтіп отыр. Аталған акцияның Шығыс-тан басталғаны шын мәнінде де қуантады. «Достықтың жол картасының» еліміз үшін бе-рері мол, – дейді Павлодар облыстық славян мәдени орталығының төрайымы Татьяна Кузина.
Келесі күні Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы, делегация жетекшісі Григорий Пинчуктің және Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Орсариевтің, сонымен қатар екі облыстың этномәдени бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
– «Достықтың жол картасы» акциясы - егеменді Қазақстанда тұрып жатқан халықтар үшін аса маңызды. Бұл іс-шараны Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ құптады және облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бастауға нұсқау берді. Бұдан біз көп нәрсе аламыз және Ассамблеяның мемлекетіміздің саяси өмірінде рөлі арта түсетін болады, – деді Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Григорий Пинчук.
– Достықтың жол картасы» негізінен Қазақстан халқы Ассам-
блеясының қызметіне тұрғындар назарын көптеп аударуға бағыт-талған, – дейді облыстық еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Владимир Лебедев. – Республикамызды мекен еткен барлық ұлттар елімізде болып жатқан жағдайларға өздерінің де қатысты екенін, солар үшін барлық жағдайлар туғызылып отырғанын, олардың төл мәдениетінің, тілінің, салт-дәстүрінің сақталуына мүм-кіндіктер жасалып жатқандығын түсіне білуі керек. Тұрғындар біздегі экономикалық және саяси тұрақтылықтың негізі бейбітшілік пен келісімнен қаланатынын сезіне білулері қажет. Онсыз тұрақты-лық та, ештеңе де болмайды. Ассамблея шұғылданатын шаруа-
лар осыған үндейді. Ол дегені-
міз – бейбітшілік, достық және келісім.
Дөңгелек үстелдің отырысынан кейін Павлодар облысының этномәдени бірлестіктері шығыс-қазақстандық делегацияға біздің жерлестеріміз достықтың киелі ордасы деп атап кеткен өздері-нің жергілікті этномәдени бір-лестіктерінің жұмыстарымен кеңінен таныстырды. Осыдан соң біздің облыстың этномәдени бір-лестіктерінің өкілдері халықтар Ассамблеясының облысаралық бөлімшелерінің ынтымақтастығын дамыту керек деген шешімге келді.
Сонымен қатар Павлодарда екі облыс қолөнер шеберлерінің үлкен көрмесі ұйымдастырылды. Онда өскемендіктер, семейліктер, курчатовтықтар және тағы басқа-лар өздерінің қолөнер бұйымда-рын таныстырды. Ары қарай Пав-
лодар облысының Мәдениет са-райында ауқымды гала-концерт өтіп, оған біздің облыстан бар-ған 13 этномәдени бірлестіктің ұжымдары қатысты. Бұған қатысу үшін Шығыс Қазақстанның Достық үйлері арасында арнайы байқау да ұйымдастырылған болатын. Концерт барысында «Азери», «Вайнах», «Зоар», «Ладушки» ансамбльдерінің өнерлері жергілікті көрерменнің айрықша қошеметіне бөленді. Мұнан кейінгі өнер көрсетушілер де қошеметтен құр қалмады. Гала-концерт өңіраралық достықтың айрықша үлгі-сін паш еткендей әсерге бөлегені анық. Көрермендердің айтуынша, мұндай концертті олар көптен бері тамашаламаған екен. Енді олардың есінде шығысқазақстан-дықтар ерекше бір жылылықпен, өнерге деген махаббатпен ұзақ уақыт сақталып қалары сөзсіз.
Концерт аяқталғасын барлық қатысушылар бірауыздан «Достықтың жол картасы – 2012» республикалық мега-акциясы еліміз-дің аймақтары арасында достықты өркендетудің жаңа бір серпініне айналады деген ортақ шешіммен тарасты.


«Тұрақтылық пен бірлік – қазақстандық қоғамның басты құнды-лықтары» атты дөңгелек үстелге қатысушылардың Ассамблея мүшелері мен Қазақстандағы этномәдени бірлестіктерге
Үндеуі


Қымбатты отандастар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүше-лері, еліміздің барлық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері!
Алдыңғы толқын аға ұрпақтың иығына түскен қиыншылық пен жоқшылықты жеңудегі бірлескен еңбек кезінде түрлі ұлттар мен ұлыстардың мүддесі бір жерден шығып, армандары тоғысып, еліміздің жаңа бет-бейнесі қалыптасты.
Қазіргі күні біздің республикамыз тұрақтылық пен бейбітшіліктің, келісімнің нағыз үлгісіне айналып отыр.
Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері – бұл, ең алдымен, Қазақстанды мекендеген түрлі халықтардың ұлты мен дініне қарамастан арада орнаған ұлы да мызғымас достығының нәтижесі.
Ұлтаралық бірлікті нығайту арқылы біз өз елімізді қуатты мемлекетке айналдырамыз. Тек бірлік қана біздің стратегиялық таңдауымыз болып табылады. «Ұлттар бірлігі тек қазақстандық мемлекеттілігіміздің негізі ғана емес, сонымен бірге біздің мәңгілік құндылығымыз болып табылады!», - дейді біздің Елбасы.
Ұлттық бірліктің беріктігі – Қазақстан халқы Ассамблеясының, барлық этномәдени бірлестіктерінің жұмысының тиімділігін арттырумен тікелей байланысты.
Ассамблея біздің көпұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімнің басты жолбасшысына айналды.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқы Ассам-блеясының ХІХ сессиясында алға қойған міндеттерді жүзеге асыра отырып, облыстың этномәдени бірлестіктері Достық үйлерінің жұмысының белсенділігін арттырып, олардың еліміздегі экономикалық және әлеуметтік өркендеу бағдарламаларын жүзеге асырудағы күшін біріктіруді мақсат ететін «Достықтың жол картасы» акциясын өткізу туралы бастама көтеріп, ұйтқы болып отыр.
Біз, дөңгелек үстелге қатысушылар, қымбатты отандастар, сіздерді бәріміздің ортақ Отанымыздағы бірлік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту жолындағы белсенді істерге шақырамыз! Біздің бастамамызға сіз біздің Отанымыздың гүлденуі, Қазақстанның әрбір азаматының өмір сүру сапасының жақсаруы жолындағы өзіңіздің ізгі ойларыңызды жүзеге асыру арқылы қолдау көрсете аласыз.
Біз әрқашан да болашақ тағдырымыздың ортақ екенін есте ұстауымыз қажет. Ол қазақстандықтардың бірлігіне тікелей байланысты. Ал бірлік бар жерде, тұрақтылық бар, ал тұрақтылық бар жерде, мемлекетіміз гүлденеді.
«Бірлік болса, береке де болады» деген сөз әсте тегін айтылмаса керек.

2012 жылғы 4-мамыр, Павлодар қаласы.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив