KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Кафедрадан қандай шен алып шығамын?

3.05.2012, 18:00 261


– Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға оқуға түсейін деген ойым бар. Сол оқу орнының әскери кафедрасы бар екенін білемін. Сұрайын дегенім, бұрынғы жылдары әскери кафедраны тәмамдаған кур-санттарға лейтенант шені бе-рілетін, ал қазір сержант шені беріледі деп естідім. Оның себебі неде? Және лейтенант шенін алу үшін міндетті түрде әскерде қызмет етуім шарт па?

Руслан Өмірзақов

Верхберезовка ауылы

Сауалға облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник, Д.Тәнекенов жауап береді:

– «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР 2012 жылғы 7-наурыздағы Заңының 13-бабына сәйкес «запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен «запастағы лейтенант әскери атағы» берілетін болды.

Бұрын қолданыста болған «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңда «запастағы офицерлер бағдарламасы бойын-ша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен «сержант» әскери атағы берілетін.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив