KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.81 476.82 4.77

Саят МҰРАТБЕКОВ, жасөспірімдер арасындағы бокстан ел чемпионы: – Боксқа БІРЖОЛАТА БЕТ бұрдым

27.04.2012, 18:00 176


Жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионы, Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі Р.Мәрсеков атындағы қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Саят Мұратбековпен әңгімелескен едік.

– Өзіңді қысқаша таныстыра кетсең, осы кентте туып-өстің бе?

– 1996 жылы Катонқарағай ауданы Топқайың ауылында дүниеге келдім. Алты жасымда ата-анам жұмыс бабымен осы кентке көшіп келді. Бокс секциясына екінші сыныптан бері қатысып келемін.

– Бокс секциясына кімнің ықпалымен келдің?

– Біздің үйіміз мектептің жанында. Балалардың бокс секциясына бара жатқанын үнемі көріп жүретінмін. «Қатыс, өзің үшін керек болады» деп әкем де айтатын. Екінші сыныпта оқитын доста-рыммен бірге бокс секциясына келдім.

– Алғаш рет жарысқа неше жасыңда қатыстың?

– Төртінші сыныпта оқып жүр-генде өзіміздің мектептің спорт залында бокстан аудандық жарыс болды. Сол жарыс алдымен кішкентай жастағылардан басталды. 32 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шықтым.

– Содан кейін қандай жетістіктерге жеттің?

– Біздің кентте облыстық жарыс өтті. Онда үшінші орын алдым. Одан соң жан-жақта өткен әртүрлі жарыстарға қатысып жүрдім. 2009 жылы жаз айында Аягөз қаласында облыс біріншілігі болды. Онда 46 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, бірінші орынды иелендім. Сол жарыстан соң облыс құрама командасына қабылданып, екі-үш күннен кейін Астана қаласының ар жағында Жақсы деген ауылда еліміздің бірінші ауыл жасөспірім-дерінің спорт ойындарына қаты-сып, екінші орын алдым.
Дәл осы жылы мен үшін ал-ғашқы үлкен жарыс – Алматы об-лысының Үштөбе қаласында бол-ған халықаралық турнир еді. Сонда бірінші орынды еншіледім. 2011 жылы Петропавл қаласында әйгілі боксшы Камил Сафиннің жүлдесі үшін халықаралық турнирге 57 келі салмақ дәрежесінде қатысып, бірінші орынды иелендім. Сол жылы Үшқоңыр ауылында еліміз Президентінің жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде 52 келі салмақ дәрежесінде бірінші орын
алып, спорт шеберлігіне үміткер талабын орындадым. Биыл ақпан айында Талдықорған қаласында Қазақстан чемпионаты болды. Сонда 57 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жеттім. Басқа да көптеген халықаралық жарыстарға қатыс-тым. Жетістіктерім жаман емес. Бапкерімнің айтуынша, осы ауданнан оқушылар арасында Қазақстан чемпионатында бірінші орын ал-ған алғашқы боксшы екенмін. Төрт халықаралық жарысқа қатысып, бірінші орынды иелендім.

– Қазіргі уақытта жарыстарға қатысуыңа кімдер қамқоршы болып жүр.


– Мен Қазақстан құрама ко-мандасының мүшесімін. Қазір жол жүру, тамақтану, жататын орын осының бәрін өздері ұйымдастырады.

Жаттықтырушылары жеңіске жетелеп жүр

– Бокстың қыр-сырына бау-лыған алғашқы жаттықтырушың кім?


– Бізді КСРО спорт шебері Кү-сет Қоңыртаев ағай жаттықтырды. Әрбір жаттығуды үлкен ізденіспен өткізе

– Қазіргі бапкерің кім?

– Күсет аға Семейге көшіп кетті де ұлы Ернат орнын басты. Осындай ағаларымның арқасында еліміздің құрамасына ендім.

– Алғашқы жылдары бап-керлерің тікелей өздері жүгіріп жүріп, жарыстарға қаты-суыңды қамтамасыз етті ме?


– Иә, сол бапкерлерімнің ар-қасында осындай дәрежеге жетіп отырмын. Олар мен үшін тер тө-гіп, аянбай еңбек етті. Жекпе-жек сайын кездесетін тосын сындарға дайын болуды үйретті. Турнир сайын айла-тәсілге, ақылға, шеберлікке, жылдамдыққа, білек күшіне деген талапты өсіріп отырды. Жаттықтырушыларыма көп алғы-сымды айтамын. Олимпиада ойындарына қатысуды алдыма мақсат етіп қойып отырмын. Алла бұйыр-са, соған да жетермін.

– Алғашқы жылдары жарыс-тарға қатысып жүргеніңде де-меушілер болды ма?

– Әуелде бапкерлерім Қоңыр-таевтар өздері көмектесіп жүрді. Әкем де жарыстарға ақшасын беріп отырды. Кейін облыс құрамасына кірген соң бәрі жақсы болды.

– Шаршы алаңдағы сайыс-тарыңның қайсысы есіңде қалды?


– Жуықта болған Қазақстан чемпионатында шаршы алаңға төрт рет шықтым. Осының өзі мен үшін үлкен сын болды. Бірінші күні Ақмола облысының боксшысымен кездестім. Бойы ұзын екен. Бірінші раундта екі рет нокдаунға түсірдім. Төрешілер айқасты тоқта-тып, жеңісті маған берді. Ширек финалда қызылордалық боксшымен жұдырықтастым. Өзі солақай әрі әбден ысылған мықты спортшы екен. Солақаймен бокстасуға шыққанда бапкер әр балаға тактика қояды, өйткені, солақай үнемі оң аяғын алдыға шығарып жұдырықтасады. Мен оның аяғы-ның сыртынан айналып өтіп жүр-дім. Сол айқаста 15:6 есебімен басым түстім. Жартылай финалда Алматы қаласының спортшысымен бокстастым. Үшінші раундта оны нокдаунға жібердім. Төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқ-татты. Ақтық айқаста шымкенттік боксшымен жекпе-жекке шықтым. 14:10 есебімен жеңіске жеттім.

Азия ойындарында алтыннан алқа тақсам деймін



– Еліміздің негізгі құрама командасында өзіңмен бірге кімдер жаттығып жүр?

– Біздің құрамада ерік-жігері мықты, талантты боксшылар көп. Көбінесе, Алматы қаласындағы олимпиада орталығында жатты-ғамыз. Қарағандыдан Абылай Жү-сіпов, Алматыдан Аян Қалибеков, Шымкенттен Рауан Затула бәріміз бірге жүреміз.

– Біздің облыстан еліміздің қосалқы құрамасында балалар бар ма?

– Бар, ел чемпионатында екін-ші орын алған Риддерден Иван Ковалев, Семейден Руслан Баязитов, Ақсуаттан Тимур Ержанов бар. Олардың барлығы да оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

– Өз салмағыңда мықты қарсыластарың ретінде кімдерді атап өтер едің?

– Қазір 57 келі салмақ дәре-жесінде айқасқа түсіп жүрмін. Шымкенттен Тіллә Дінмұхамед, Қа-рағандыдан Руслан Бекмағанбе-тов деген боксшы бар.

– Қай боксшыны пір тұтасың?


– Маған Геннадий Головкин ұнайды. Ол қазір кәсіпқой бокста жүр. Кезінде Афины Олимпиадасында күміс медальды жеңіп алды. Оның бокстасу мәнерін интернеттен қарап отырамын. Бекзат Саттархановтың әр жекпе-жегі туралы деректі фильмдерді көріп, көптеген тәсілдерін үйреніп жүрмін.

– Алда қандай ірі жарыстар бар?

– Мамыр айында Баку қала-сында өтетін халықаралық турнирге барамыз. Осы жазда Ресейдің Якутия қаласында жасөспірімдер арасында Азия ойындары өтеді. Соған боксшыларды іріктеді. Енді Азия ойындарына қатысып, жүл-делі орын алсам деген мақсатым бар.

Сұхбаттасқан –
Әлімжан Қадылбекұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив