KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қазақстан халқы 1 мамыр мерекесі кезінде 3 күн демалатын болды

23.04.2012, 18:00 113


Қазақстан халқы 1 мамыр мерекесі кезінде 3 күн демалатын болды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов демалыс күнін ауыстыруға қатысты Үкімет Қаулысына қол қойды. Сол қаулыға сәйкес, демалыс күні 2012 жылғы 28 сәуір - сенбіден 30 сәуір - дүйсенбіге ауыстырылады. Сонда, Қазақстан халқы 1 мамырдағы мерекеге байланысты 3 күн, яғни 29,30 сәуір және 1 мамыр күндері демалады.
Ал қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс нысандарын іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2012 жылғы 30 сәуірде жұмыс жүргізуге құқық беріледі.
Сондай-ақ, көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

kazbin.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив