KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жүгіртпе жолдан ақпарат алуда

21.04.2012, 18:00 200



Күршім ауылының тұрғындары мен қонақтары соңғы бірер айдың көлемінде орталықта орнатылған электронды табло арқылы жүгіртпе жолдан ақпарат алып отыр. Шалғай аудандарды жаңа ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етудің бастамасы болып табылатын бұл қондырғының іске қосылуына аудан әкімі А.Сейітов мұрындық болған-ды. Заманауи дизайнмен жасалған бағанды Өскемен қаласынан келген «Риа-центр» жарнама фирмасының өкілдері орнатты.

- Жүгіртпе жол арқылы ауданымыздағы барлық салалар бойынша ақпарат беріліп тұрады. Облыс орталығынан арнайы келген «Риа-центр» фирмасының үш өкілі қондырғыны екі күн ішінде орнатты. Монтаждау жұмысының жедел әрі сапалы аяқталуына Н.Оразбеков басшылық ететін коммуналдық шаруашылықтың жұмысшылары мен кәсіпкер Е.Сқақов берген автокран үлкен көмек жасады. Электронды баған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ғимараты арқылы электр желісіне қосылған, - дейді осы іс-шараның басы-қасында жүрген сол кездегі ішкі саясат бөлімінің бастығы, бүгінде Күршім балалар өнер мектебінің директоры Ш.Тойбаев.

Аудан әкімі аппаратының бағдарламашысы Дастан Есенжарұлы электронды таблоға «LED Player V3» бағдарламасы арқылы күнделікті ақпарат енгізіп отырады.
- Жүгіртпе жолға күн сайын түстен кейін ішкі саясат бөлімінің мамандары дайындаған ақпаратты енгізіп отырамын. Бұл ноутбук арқылы жүзеге асырылады, жүгіртпе жолға небәрі А-4 форматқа сыятын ақпар жеткілікті. Табло аудан жаңалықтарымен қатар ай-күнді, сағатты және ауа температурасын көрсетіп тұрады, -дейді жас маман.

Аудан орталығын абаттандыру жоспарына сәйкес аудан әкімінің орынбасары М.Қалелов пен аталған фирма басшылығы арасында Күршім ауылын безендіру бойынша серіктестік бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасын тауып, келіссөздер жүргізілуде.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив