KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

НАНОТЕХНОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛАДЫ

16.04.2012, 18:00 98



Үстіміздегі жылдың 18-19 сәуір күндері Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде елімізде тұңғыш рет І-ші Халықаралық «Қазіргі таңдағы биоматериалдар, наноматериалдар және наномедицина мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетімен қатар ұйымдастырушы ретінде Радиологиялық технологиялық университеті (АҚШ), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Семей мемлекеттік медицина университеті, ҚР ДСМ радиациялық медицина және экология ҒЗИ қатысып отыр.

Конференция био- және наноматериалдар мен нанотехнологиялар дамуының басым бағыттары мен жетістіктеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған. Конференция аясында ғылым және техниканың әртүрлі саласында – машина жасау, құралдар жасау, энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, медицина және экологияда наноқұрылымдарды, нанокомпозиттерді және биоматериалдарды қолдану стратегиясы мен тактикасы бойынша пікірталастар жүргізіледі. Семей өңірі халқының радиологиялық мониторингі мен қоршаған ортасы, инновациялық технологиялардың қазіргі жетістіктері арқылы сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылады.

Қазақстандық ғылымның жаңа материалдар құруына, био және нанотехнология саласында жаһандық деңгейде зерттеу жүргізуіне зор маңыз беріліп отыр. Бұл әрине іргелі ғылымдар, биотехнология, тағам өнеркәсібі мен медицина саласында инновациялық зерттеулер жүргізуге зор мүмкіндіктер ашады.

Конференцияға Қазақстанның және АҚШ, Жапония, Англия, Нидерланды, Ресейдің жетекші ғалымдары баяндамалары мен мәлімдемелерін ұсынып отыр. Конференция жұмысы барысында 10 пленарлық баяндама және 90 баяндама секциялық отырыста тыңдалады және университет ғалымдарының жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Конференцияның ашылуына материалдар жинағы мен бағдарлама әзірленді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив