Өскемен
-19°
туман ветер 2 м/с, СЗ
459.92 501.31 6.62

Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы байланыстардың көкжиегі кеңейе түспек

9.04.2012, 18:00 15 0



Еліміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі жөніндегі Сауд Арабиясымен соңғы екіжақты келіссөздері сәтті аяқталып, тиісті хаттамаға қол қойылды.
Эр-Риядта Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов бастаған қазақстандық делегация саудиялық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, өзара экономикалық жәнехалықаралық саяси мәселелерді талқылады.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық байланыстардың іргетасы 1994 жылы қаланды. Содан бері екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени байланыстар артып, беки түсті. Енді Астана мен Эр-Рияд өзара сауда-саттық нарығын кеңейтпек. Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов пен Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Сауд әл-Фейсал экономикалық қарым-қатынасты арттыру қажеттігін айтты. Оның ішінде инвестициялық келісімдерді көбейту керек-деді.

Сондай-ақ министрлер халықаралық, аймақтық мәселелер бойынша пікір алысты. Оның ішінде терроризм мен есірткімен күрес, Сирия мен Таяу Шығыстағы ахуал талқыланды. Сауд Арабиясы Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалығын жоғары бағалады.

Қазақстан ДСҰ мүше болу үшін Сауд Арабиясымен 4 жыл бойы келіссөздер жүргізді. Соңғы екіжақты келіссөздердің аяқталуына байланысты еліміздің Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мен Саудияның индустрия және өнеркәсіп министрі Тауарларды және қызметтерді нарыққа жеткізу бойынша хаттамаға қол қойды. Алда енді көпжақты кездесулер бар. Сәтін салса, Қазақстан осы жылдың аяғына дейін ДСҰ өту жөніндегі келіссөздерді толық аяқтайды–деді министр Жанар Айтжанова.

Сауд Арабиясы Қазақстанмен мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, телекоммуникация, қызмет көрсету саласында әріптес болуға ықылас танытып отыр. Осыдан 3 жыл бұрын екі ел арасындағы сауда саттық көлемі 3 млн доллар болса, өткен жылы 14 млн. долларға жетті.

http://khabar.kz/




Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив