KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қалалықтар қоржындарын толтырып қайтты

8.04.2012, 18:00 102



Жыл сайын көктеммен бірге «көктеп» кететін азық-түлік пен көкөніс бағасы биыл ауыздықталды. Тұрақтандыру қоры халыққа қолжетімді бағамен арзан азық-түлікті дер кезінде ұсынуда. Өскеменде өткен кезекті жәрмеңкеден қала тұрғындары қолжетерлік бағамен қоржындарын көкөніс пен етке толтырып қайтты.

Сенбі сайын Металлургтердің мәдениет үйінің алдында өтіп келе жатқан жәрмеңкелерге халық үйреніп қалыпты. «Ертіс» ӘҚК бұл жолғы делдалсыз базарға да келісін 1000 теңгеден сиыр етін ұсынды. «Жәрдем» муниципалдық базарының әлеуметтік бағалар сөрелерінің маңында үймелеген халық.

Жалпы, бағаның, оның ішінде көкөніс, ет бағаларының бас бермей кететін уақыты осы көктем ғой. Күздегі аста-төк мол ауылшаруашылық өнімдерін арзанға сатып алып, сақтап қоятын алыпсатар пысықтар көктемде мол пайдаға кенеліп қарық болатын. Ал халық болса, сол көлденең көк аттылар қосқан құннан зардап шегетін. Былтыр облысымыздың тұрақтандыру қорына бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлініп, алыпсатарлар аспандатып жіберетін бағаның алдын алу мақсатында күріш, қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы және көкөніс сияқты күнделік-ті тұтынылатын азық-түлік ертерек сатып алынып, қоймаларда сақталған еді.

Міне, бағаның шарықтайтын уақытында тұрақтандыру қоры халыққа осындай жәрмеңкелер арқылы арзан азық-түлікті өз бағасымен сатуда.
Қырыққабат – 30 теңге, сәбіз, картоп – 45 теңгеден. Күріш – 140, қант – 158 теңгеден, өсімдік майының литрі – 250 теңге.
Тарбағатай ауданы Тұғыл кентінен келген Қайырбек Батталов 0,5 тоннадан артық балық әкеліпті, бұл жерде де үймелеген халық. Кезекке тұратыны кезекке тұрып, қалғаны таласып-тармасып Зайсан көлінің балығын сатып алуда.

– Таңертеңнен бері 3 центнер көлеміндегі балық сатылып кетті-ау деймін. Зайсан
көлінде жүзетін барлық балық түрін әкеліп отырмын. Тіпті, нәлім балық та бар, – дейді тұғылдық кәсіпкер.

Алтайдың балы да – жәрмеңкенің ең өтімді тауарларының бірі. Бір қатарда орналасқан омарташылар өздері дайындаған табиғи өнімдерін саудалады. Ұннан жасалған өнімдер, жұмыртқа, тағы басқа күнделікті тұтынуға арналған азық-түлік тауарларын халық молынан сатып алып жатты

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив