KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

« Светлов» пен « Сұңқар» жұмысқа дайын

5.04.2012, 18:00 277



Күршім бағытындағы «Қызыл ту» паром өткеліндегі жағдайдың облысты қойып, республикалық деңгейдегі проблемаға айналып отырғаны шындық.

Бұл төңіректе көтерілген шу оның михнатын бастан өткерген адамның ғана емес, естіген жанның аза бойы қаза болатындай деңгейге жетіп қалды.
Паром жайлы әлі де алуан пікірлер айтылып, түрлі болжамдар жасалуда. Біз олардың барлығын тізбелеп жатпай, биылғы жағдайымыз қандай шамада болмақ деген сауалды Күршім ауданының әкімі А.Сейітовке қойған болатынбыз.

- Паром мәселесінің Күршім мен Марқа өңірлерін мекендеген қалың жұрттың шынайы уайымына айналып отырғаны рас, - дейді Алтайбек Сейітұлы. – Көп жылдар бойы жүріп келген «Енисей» мен «Иртыш» теплоходтары (үлкен паромдар) әбден ескіріп, жарамсыз күйге жеткендіктен, олар облыстық көлік прокуратурасы мен судорегистрдің шешімімен тоқтатылған болатын. Енді біздің өткен жылы жұмыс істеген М.Сұраужановтың «Светлов» және Ж.Білімбаевтың «Сұңқар» атты баржаларына жүгінгеннен басқа амалымыз жоқ. Олар жаңа маусымға барынша даярланып, кем-кетіктерін түгендеп жатыр. Мұз еріп, теңіз беті тазарған соң осы екі баржа өз жұмыстарын бастайды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив