KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

«Асыл қазына» жарыққа шықты

5.04.2012, 18:00 164



Ұлы ақынның мұрасы ертеңгі ұрпақтың рухани азығы болса, Семейдегі Абайдың қорық-мұражайы – ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа дәріптеуде ерекше орын алатыны сөзсіз. Осындай игі бастамалардың бірі - барша оқырман назарына үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап насихат әрі ақпарат құралы – мұражайдың «Асыл қазына» деп аталатын мәдени, әдеби-танымдық газеті жарыққа шықты.

Еліміздің мәдениеті мен тарихы, рухани құндылығы мен ата-бабаларымыздың ұрпаққа артқан аманаты елінің өткенін ұмытпай, ертеңіне елеңдеген әрбір ұрпақтың жүрегінен орын алып, санасына сіңері анық. Қазақ мәдениетін, сөз өнерін бұрын шықпаған биікке көтерген Абай, одан кейінгі Абайдан тікелей тәлім алған ақынның Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай сынды дарынды шәкірттері, ел бостандығын аңсаған алаш қайраткерлері, ұлылықтың ізін жалғаған Мұхтар, Қайым сияқты ұлт мақтаныштарының есімі мен ұрпаққа қалған бай мұрасы – күллі қазақ халқы үшін таптырмас байлық. Күллі Абай әлемін, Абай мұрасын танып, білу, білгенімізді жас ұрпаққа жеткізу - біздің адамдық борышымыз.

Абай сөзі, Абай тағылымы, Абай мұрасы – біздің маржан сөз, асыл қазынамыз. Осы бай мұраны жоғалтпай, шырағын сөндірмей бүгінге дәріптеп, ертеңге аман жеткізу жолында мұражай түрлі бағыттарда жұмыс жүргізуде.

Қазіргі таңдағы ұлылардан қалған асыл мұраны зерттеу, сақтау, насихаттау жолында атқарылып жатқан істерімізді барша жұрт көріп, біліп отыр деп білеміз. Ендігі мақсат – осы істермен тоқтап қалмай, керісінше, кеңейте түсу. Оқырман бұл газеттен өздеріне қажет көп дүниені табады деген сенім зор. Алдағы уақытта осы газет арқылы ақындардың шығармашылық мұрасымен, мұражай қорында сақталған естелік, жәдігерлермен, ұлылар мекеніндегі тарихи орындармен, мұражайда өтіп жатқан мәдени, ғылыми іс-шаралармен бөлісіп отыру көзделуде.

Мәлімет көзі Altaynews
,




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив