KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстан телефон лаңкестеріне жазаны қатаңдатты

3.04.2012, 18:00 181


Қазақстанда «телефон лаңкестеріне» жаза қатаңдатылды. Енді құқық бұзушылар 7 жылға дейін бас бостандықтарынан шектелуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Жоғарғы Сотта өткен апталық брифингте ведомствоның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті.

«2012 жылы 18 қаңтарда ҚР Қылмыстық Кодексіне өзгерістер енгізіліп, 242 баппен санкция беру тәртібі қатайтылды», - дейді ол.

О. Петерстің айтуынша, бұрын лаңкестік туралы әдейі жалған ақпарат беру 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе сотталушының жалақысы көлемінде немесе екі айдан бес айға дейінгі өзге табысы көлемінде айыппұл төлеумен жазаланатын. Болмаса құқық бұзушы бір жылдан екі жылға дейін түзеу жұмыстарын атқарумен шектелетін. Кей жағдайларда 2 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасы тағайындалып келді.

«Енді ҚР ҚК-ның 242-бабына өзгерістердің енгізілуіне байланысты лаңкестік актісі туралы әдейі жалған ақпарат беру 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу, 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе 6 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасы тағайындалады», - деп атап өтті. ол.

Жоғарғы Сот мәліметтеріне қарағанда, «телефон лаңкестерінің» әрекеттері соңғы жылдары артып келеді. 2010 жылы 18 адам аталмыш факт бойынша істі болса, 2011 жылы олардың саны 27 пайызға артып, 23 адамды құрады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив