KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2,9 м/с, СБ
444.22 476.38 4.82

Театрлар үш жақты меморандумға қол қойды

3.04.2012, 18:00 186



2011 жылдың қазан айында Астана қаласының әкімі И. Тасмағамбетов Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаев ШҚО және Астана қаласының арасында екі жақтық өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Аталмыш меморандум аясында, 2012 жылдың 4 сәуірінде ШҚО Жамбыл атындағы драма театрының камералық залында Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалы драма театрының директоры Жуасбек Еркін және М.Горький атындағы орыс драма театрының директоры Қасенов Еркін және Жамбыл атындағы драма театрының директоры Қайырсынов Руслан Қазақстандағы театрлардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, театр өнерін дамыту, Қазақстандағы өнер ұжымдарының екі жақты тәжірибе алмасуда тығыз байланыста болуы, ұлттық театр мәдениетін сақтап, болашақта бірлесіп ары қарай жұмыс атқару мақсатында және Астана және ШҚО Мәдениет басқармаларының өзара тәжірибе алмасуы жөніндегі үш жақты меморандумға қол қойды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив