KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2,5 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қазақстанда көліктердің салмағы қозғалыс үстінде өлшенетін болды

2.04.2012, 18:00 187


ҚР ККМ автожол саласын автоматтандырудың екінші кезеңінде автокөлік құралдарын қозғалыс үстінде өлшеу автоматтық жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін 13 өлшеу жүйесін орнату, ал 2013-2014 жылдары республикалық маңызы бар автожолдардың ең қарқынды деген учаскелерінде тағы 70-ке жуық өлшеу жүйесін орнату көзделуде. Бақылау рәсімін автоматтандыру көліктік бақылау бекеттері арқылы өткен автокөлік құралдарын есепке алуды 100 % қамтамасыз етіп, жолдарда амалсыздан аялдау уақытын 40 % дейін қысқартады», – деп атап өтті Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Бақыт Әбішев.

Республика жолдарында білікке түсетін жүк салмағының рұқсат етілетін мөлшері 10 тоннадан асып кетпеуі керек, көктемгі маусымда бұл мөлшер 8 тонна деп бекітілген. Мұндай шектеулер тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, Ресей, Беларусь, Грузия, Түркия, Әзірбайжан және Европа елдерінде қолданылады. Қолданыстағы осы шектеулерге қарамастан Қазақстанда 20 тоннаға дейін артық жүк тиеу оқиғалары жиі орын алып отырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұңан дейін тасымалдаушылар Көлік және коммуникация министрлігінен жолдардағы маусымдық шектеулерді қайта қарауды өтінеді.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив