Өскемен
+1°
пасмурно ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру курстары басталды

2.04.2012, 18:00 26 0


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында Кембридж Университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып әзірленген арнайы бағдарлама бойынша 286 жаттықтырушы даярлықтан өтт.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Шымкент қалаларындағы педагогикалық институттар жанындағы аймақтық орталықтардың, «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығы» АҚ-ның, біліктілік арттыратын аймақтық институттар мен колледждердің қызметкерлері жаттықтырушылар атанды.

Осы жаттықтырушылар Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің 3000 мұғалімін 3 базалық деңгеймен арнайы 3 айлық бағдарлама бойынша оқытуды бастайды.

«Сабақтар шағын топтарда (30 адам) «facetoface» («тікелей») үлгісі және қашықтықтан оқыту үлгісі (онлайн-режимінде) бойынша өтеді», - делінген хабарламада.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив