KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Кипр мен Қазақстан туризм саласын кеңейтпек

1.04.2012, 18:00 102


Қазақстан мен Кипр туризм саласында ынтымақтастықты кеңейтпек ниетте.

Бұл туралы бүгін Кипр Республикасы сыртқы саясат ведомствосының басшысы Эрато Козаку-Маркуллимен болған келіссөздің қорытындысы бойынша ҚР сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов мәлім етті.

Е. Қазыханов атап өткендей, әңгімелесу барысында сындарлы саяси диалогты дамыту, халықаралық аренада күш-жігерді үйлестіру, екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасында тұрақты консультациялар өткізу мәселелері талқыланды. Кездесудің қорытындысы бойынша ынтымақтастық пен консультациялар туралы хаттамаға қол қойылды.

«Келіссөздердің экономикалық блогы біздің мемлекеттеріміздің арасында туризм саласы бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері, қаржы, инвестициялық менеджмент, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласында кадр дайындау мәселелеріне қатысты болды», - деді Е. Қазыханов.

Дәл бүгінгі күні, 2 сәуірде Кипр Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға 20 жыл толды. Е. Қазыханов атап өткендей, екі елде де ынтамақтастық үшін зор әлеует бар. Оның сөзіне қарағанда, Кипрдің экономикасы Еуроодақтағы ең тез дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Кипр Республикасы жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің жоғарғы көрсеткіші бойынша 32 елдің қатарына кіреді. Кеме қатынасы бойынша әлемде 10-шы орынды, Еуроодақта 3-ші орынды иеленеді.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив