KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Қазақстанда өрт оқиғаларында 148 адам жыл басынан қаза тапты

29.03.2012, 18:00 109


Елімізде жыл басынан бері өрт салдарынан 148 адам қаза тапты.

Бұл туралы бүгін ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің бас маманы Эльдор Райымбеков мәлім етті.

«2012 жылдың өткен кезеңінде елімізде 3 528 өрт орын алды. Одан келген материалдық шығын 9 млн.-нан астам теңгені құрады. Өрт кезінде 148 адам қаза тапты, оның 12-сі бала. 156 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды, күйік шалды, уланды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жүргізілген талдаулар өрттердің бас бөлігі жеке тұрғын үй секторында болатындығын көрсетті. Оқиғаның басым бөлігі жылыту пештерін қолдан жасау кезінде өрт қауіпсіздігі қадиғаларын бұзудан орын алады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив