KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

«Көктем-жаз - 2012» маусымында қандай түстер сәнді?

28.03.2012, 18:00 70


- Биылғы көктем-жаз маусымында қандай түсті киімдер сәнді екенін білгім келеді.

Шұғыла Алтайқызы

Семей қаласы

Бұл сұрақтың жауабы электронды БАҚ мәліметтері негізінде әзірленді:

2012 жылдың көктем-жаз маусымында бояудың алуан ашық түрін қамтитын - жеміс қосылған балмұздаққа ұқсайтын киімдер сәнді болады.

Қыс ішінде барлығы жазғы десерт - балмұздақты сағынып үлгерді. Тәтті тағамды дизайнерлер де сағынған секілді, себебі, олар ұсынған киімдердің топтамаларында жемісті балмұздақтың барлық түсі кездеседі.

Дизайнерлердің көпшілігінің ұсынысы бойынша, көктемгі киім-кешектерді банан десертінің түстерімен «тәттілендіруге» болады. Мұндай реңк әсіресе күнге күйген денеде әдемі көрінеді.

Жасыл түсті ұнататын қыз-келіншектерге көктемде «кілегей қосылған киви» мен «жалбыз шөп (мыта) қосылған сүтті коктейль» бояулары бар киімдерді таңдауға болады.

«Ассорти» жақсы көресіз бе? Дизайнерлер бұл туралы да ойластырып қойды. Жеңіл маталардан тігілген үш «тәтті» түстегі юбкалар мен көйлектер жүзіңізді аша түседі.

Шабдалы балмұздағы - десерттің нақты осы түрі көктем-жаз маусымы топтамаларында жиі кездеседі. Бұған дейінгі реңктердегі «қатаң» стильді киім-кешектерді барлығы бірдей киюге бата бермесе, аталмыш түстегі костюмдерді кеңселерге де батыл киіп баруға болады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив