KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, Ю
443.85 474.3 4.8

Іскер әйелдер клубы ашылды

26.03.2012, 18:00 123


Елімізде әйелдер қауымына қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті жанынан әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия құрылған болатын.

Жуықта Көкпекті ауданының «Іскер әйелдер клубының» тұсаукесері болып өтті. Ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Гүлнұр Бекбаева клубтың жалпы ережелерімен таныстырып өтті, нәтижесінде жаңа қоғамдық бірлестік құрылды, оның басты мақсаты – гендерлік саясатты жүзеге асыру.
Іскер әйелдер клубы өз қанатының астына әртүрлі коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттік мекемелер басшыларын, кәсіпкерлер мен қожалықтарды біріктіреді.
Клуб мүшесі, «Көкпекті жолдары» ЖШС директоры Г.Нұрғалиеваның айтуынша, клуб мүшелері бірлесе отырып, Елбасы тапсырмасының аясында көптеген маңызды шаруалар атқармақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив