KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2,9 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Назарбаев Обамаға қазақтың тұмарын сыйға тартты

26.03.2012, 18:00 216


Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан әлемдік ядролық қауіпсіздік самитінде Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті. Екі жақты келіссөздер барысында Елбасы америкалық әріптесіне алдағы сайлауда сәттілік тілей отыра қазақтың тұмарын сыйға тартты.

Күтпеген тосын сыйлықты Обама асқан ілтипатпен қабыл алды. АҚШ президенті Қазақстанның өзгелерге үлгі болған батыл қадамы үшін тағы да Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Семей полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартқаны үшін. Кездесуде біздің елімізде ядролық отын банкін құру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Сөзінің соңында Барак Обама Қазақстанды Орта Азиядағы сенімді саяси серіктес санайтынын мәлімдеді.

Мәлiметтiң көзi: ktk.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив